Жайымбетов
Мархабат
Жайымбетұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қармақшы ауданында халықпен кездесу

Сапарымыз Қармақшы ауданында жалғасып жатыр. Алдымен, әріптесім мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов екеуміз алдымен Жосалы-Жалағаш жолындағы жөндеу жұмыстарымен танысып, көпір құрылысын бақыладық.

Возможно, это изображение 10 человек

Содан кейін Дүр Оңғар ауылына аялдадық. Ауылдағы тындырымды тірлікті көріп, жасалып жатқан жұмыстың жүйелі екенін бағамдадық. Мұндағы көшелер асфальттанып, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, дәрігерлік амбулатория салынуда. Жарықтандыру жұмыстары да жүреді.

Ауыл ақсақалдарымен, тұрғындармен тілдестік. Бірінші көтерген мәселе көгілдір отынмен қамту болды. Бұл бағытта аудан әкімдігі қам-қарекет жасап жатқанынан хабардармын.

Возможно, это изображение 15 человек и текст

Сонымен қатар, футбол алаңын салу мәселесін назарға салды. Жалпы тұрғындар ауылға керек мәселелелердің барлығын көтерді. Жобалардың құжаттары дайын болып жатса, қаржы көздерін қарастыру жағынан көмегімізді көрсетуге әзір екенімізді жеткіздік.

Возможно, это изображение 7 человек