Жайымбетов
Мархабат
Жайымбетұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының есептік-сайлау конференциясы

Бүгін Қызылорда қаласында «Достық» үйінде «AMANAT» партиясы облыстық филиалының есептік-сайлау конференциясына қатыстым. Басқосуда партия ұйымының 2021-2022 жылдардағы жұмысы таразыланды. Жиында сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстарға өзімнің оң бағамды бердім.Нет описания фото.


Возможно, это изображение 3 человека, помост и текст «AMANAT AMANAT AMANAT AMANAT AMAP AMANAT AMA AMANAT AMANAT AMANAT AMANAT NAT AMANAT AMANAT AMANAT AMANAT AMANAT AMANAT AMANAT AMANAT AMANAT AMANAT»

Себебі, мен есепте айтылған жұмыстарды, кеше ғана ауыл аймақтарды аралап, көзбен көрдім. Халықпен тікелей тілдесіп, жағдаймен қанықтым. Онда көтерілген мәселелер де партияның алға қойған міндеттерінде көрініс тапқан.


Возможно, это изображение 4 человека, отдел новостей, помост и текст «AMANAT AMANAT AMANAT AMANAT AMANAT AMANAT 1 AMANAT AMANAT AMANAT AMANAT AMANAT AMANAT AMANAT AMANAT AMANAT AMANAT AMANAT AMIAN MANAT AMANA»

Бұрынғы қызметімде де аймақтың мәселелерімен тікелей айналыстым және оларды шешуге үлес қосу үнемі назарымда.

Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауының, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы бастаған азаматтардың ұйымдастыруының нәтижесінде бүгінде аймақтың даму динамикасында айтарлықтай оң өзгеріс барын көріп отырмыз. Бір жылдың ішінде облыс бюджеті екі есе ұлғайса, инвестиция тарту бойынша республикада алдыңғы қатардан көрінді. Соның арқасында көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселе шешім тауып, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне мүмкіндік кеңейген. Ауыл-аймаққа инфрақұрылым тарту ілгерілеген, облысты газдандыру жұмысы, әлеуметтік нысандар, тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде. Әсіресе, жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмысының ауқымы кең. Өңірдің гүлденуіне демеушілер де атсалысып жатыр. Олардың есебінен 31 млрд 700 млн теңгенің жобалары жүзеге асырылуда.


Возможно, это изображение 19 человек, помост и текст


Әрине, мұның барлығы Мемлекет басшысының тапсырмасы аймақта жемісті атқарылып жатқанын көрсетеді.

Ендігі кезекте «AMANAT» партиясы және депутаттары жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, қолға алынған жобалардың сапалы орындалуын қадағалап, халықтың ұсыныс-пікірін бір арнаға тоғыстыра білуі керек деп санаймын.

Біз, Мәжіліс депутаты және ондағы Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі ретінде партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасы индикаторлары мен аймақтың даму бюджетінің мәселелерін Орталық деңгейде заңнамалық тұрғыда шешуді жалғастырамыз.