Кеше Қызылорда қаласындағы «Асыл дән LTD» ЖШС-ның жұмысымен таныстық. Экологиялық таза күріш және күріш өнімдерін өндіретін озат компаниялардың бірі. Құрылғанына 10 жыл болған.
Серіктестіктің тәулігіне 80 тонна күріш ақтайтын зауыты, сондай-ақ зертханасы, таразылары, қоймалары бар. Сыр маржанын өсіру, өндіру, сақтаумен айналысады. Күрішті («Лидер», «Элита», «Янтарь» және т.б.) өлшеп-қантап (750 гр, 3 кг, 5 кг, 10 кг, 25 кг) нарыққа жөнелтеді. Өнімдерін Қазақстаннан бөлек, Ресей, Әзірбайжан, Украина, Өзбекстан, Тәжікстан, Монғолия, Қырғызстан, Грузия, Түркия елдеріне сатуда.
Биыл 10 жылдығын тойлағалы жатқан «Асыл дән LTD»-ның жұмысы жолға қойылған, өңірдің дамуына, халықты жұмыспен қамтуға үлес қосып отыр. Биыл компания күріш ақтайтын жаңа зауыт ашуды жоспарлауда. Кәсіпорынның алдағы жоспарларына сәттілік тіледік.