Жайымбетов
Мархабат
Жайымбетұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Ақтауда салық саласын цифрландырудың маңызды аспектілері талқыланды

Ақтауда Салық кодексінде цифрландыру және салықтық әкімшілендіру тақырыбында конференция өтті. Мұнда камералдық бақылау, тәуекелдерді бағалау мен деңгейлес мониторинг мәселелері қаралды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Конференцияға ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаев, Жоғарғы Сот мүшелері, Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылары, өңірлік Мемлекеттік кірістер департаменттерінің өкілдері, облыстық соттардың судьялары, басқа да мемлекеттік органдар мен салық төлеушілер қатысты. Сондай-ақ, салық төлеушілер спикерлерге өз сұрақтарын қойды.

Жиында келісідей өзекті мәселелер қаралды:

▪️Қосылған құн салығының және өзге де салықтардың бір бөлігін өңірлерге беру; ▪️Жергілікті бюджетке жиналатын салыққа қатысты жеңілдіктерді анықтау құқығын аймақтардың өзіне беру мәселесін қарастыру;

▪️Салық жеңілдігін сын көзбен зерделеп, оның көлемін кем дегенде 20 пайызға қысқарту;

▪️Өңдеу өнеркәсібін қолдау үшін шетелдің және еліміздің инвесторларын бастапқы үш жылда салықтан және басқа да міндетті төлемдерден босату;

▪️Салықтық бақылау ісін толық цифрландырып, есептілік формаларын 30 пайызға қысқарту;

▪️Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің санын кемінде 20 пайызға азайту;

▪️Айтарлықтай түсім әкелмейтін төлемдерді толығымен алып тастап, қалғандарын біріктіру мәселелері қаралды.

Жұмабай Қарағаев мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастықтардың арасында байланысты нығайту арқылы екіжақты тиімді жұмыс жүргізу маңызды екенін атап өтті.

-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында өңірлердің дамуына ерекше мән беріп, Салықтық реформаны жүзеге асыруға қатысты келесі негізгі бағыттарда жұмыс атқаруға тапсырма берді. Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың алдында осындай ауқымды тапсырмалар, соның ішінде бизнес қоғамдастықтарының ертеңгі күнге сенімділікпен қарайтындай жаңа жүйе қалыптастыру міндеті қойылып отыр.

Өздеріңізге белгілі, Мемлекеттік кірістер органдары біртұтас фискалдық органды құрай отырып, бюджеттің түсімін қамтамасыз етумен қатар Қазақстан бизнесінің дамуына қолайлы орта туғызудағы негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Осы бағытта жасалған реформалардың тиімділігінің оң нәтижесін көріп отырмыз және бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады, - деп атап өтті Жұмабай Қарағаев.

Оның айтуынша, ең алдымен салық тексерістерін қысқарту мен мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру бойынша шаралар қабылданған. Салық жүйесін реформалаудағы негізгі бағыттың бірі – жанама салық салу механизімін жетілдіру. Бұл жердегі саясат салық әкімшілендіру құралдарын жақсарту арқылы салық салу базасын өсіру және бизнесті көлеңкеден шығару болып табылады.

2023 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша облыста 18 311 заңды тұлға және 73 020 дара кәсіпкер тіркелген. Бұл көрсеткіштер соңғы 3 жылда сәйкесінше 7,5 %-ға және 69,9 %-ға өскен.

Облыстағы барлық кәсіпорындардың жұмысшыларының жалақы қоры да 2020 жылдан бергі кезеңде 561,0 млрд.теңгеден 2023 жылдың болжамдық көрсеткішін есептегенде 968,8 млрд,теңгеге немесе 72,7%-ға артты.

Жергілікті бюджетке салықтық түсімінің көлеміде ұлғайған: 2020 жылы 134,5 млрд.теңгені құраған болса, 2021 жылы жылда 168,8 млрд.теңгеге, 2022 жылы 201,1 млрд.теңгені құрады. Бұл динамика салық саласындағы енгізілген реформалармен цифрландыру жүйесінің оң нәтиеже бере бастағанын көрсетеді.