Жайымбетов
Мархабат
Жайымбетұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ЗАҢ ЖОБАЛАРЫ БОЙЫНША ТАНЫСТЫРЫЛЫМ

Жоба жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктерін ажырату мақсатында әзірленді. Вице-министр Бауыржан Омарбековтың айтуынша, заң жобасында жергілікті өзін-өзі басқару органдарына олардың міндеттері мен өкілеттіктері, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бөлігіндегі мемлекеттік басқару органдарының құзыреттері айқындалған. Сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен ауыл әкімдерінің дербестігін кеңейту жөніндегі нормалар. – Ауылдар, кенттер, ауылдық округтер, аудандық маңызы бар қалалар деңгейінде азаматтардың ашық дауыс беруі арқылы төрт жыл мерзімге МӘС – Кеңес органын құру ұсынылады. Кеңес құру өз аппаратының болуын көздемейді, оның қызметін әкім аппараты қамтамасыз ететін болады.