Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильяновтың жетекшілігімен заң жобасының таныстырылымы өтті. Жоба жөнінде ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов баяндама жасады.
– Түзетулер кәсіпкерлік қызмет саласындағы жаңа реттеу саясатын және ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша қабылданған заңды іске асыру мақсатында әзірленді. Заң жобасы аясында 7 кодекс пен 75 заңға 326 түзету енгізілмек, – деді Т.Жақсылықов.
Бірінші бөлім бақылау мен қадағалау нысандарын ретке келтіруге, ал екінші бөлімнің түзетулері кәсіпкерлік қызметті жетілдіруге бағытталған.
Депутаттар баяндамадан соң нақтылау мақсатында жоба әзірлеушілеріне сұрақтарын қойды. Түзетулер бойынша талқылау жұмыс тобында жалғасады. Оның жетекшісі Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Болатбек Нәжметдинұлы.
Әзірлеушілердің пікірінше, заң жобаларының қабылдануы мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын жақсартуға мүмкіндік береді, балық шаруашылығы саласында және валюталық реттеу саласында инвестициялық тартымдылықты арттыруға ықпал етеді.
«AMANAT» партиясы да алдағы бес жылда шағын және орта бизнесті қолдауға көп көңіл бөліп отыр.
Осы заң жобасына қатысты өз тарапымнан үш салалық министрліктің өкілдеріне сұрағымды қойдым.
✅ Бірінші, құрылыс саласы;
✅ Екінші, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы;
✅ Үшінші, атом энергетика саласы бойынша.
Заң аясында 10 салада қадағалау шараларын қолдану тетіктерін айқындау көзделіп отыр.
Ал, кез келген тексеруші бизнесті тексере бастаса, кедергілер келтіріп, әртүрлі тосқауылдар қою арқылы бизнес өкілдеріне жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді.
📌Бірінші сұрағым. Біз қадағалау арқылы бизнеске кедергілер келтірмейміз бе?
Сонымен қатар, бизнес жұмыс жасау үшін біз барынша тексерушімен тікелей байланысты орнатпауымыз қажет. Тікелей байланыс арқылы біз сыбайлас жемқорлықты күшейтіп алуымыз әбден мүмкін. Әйтпесе, тексеріс арқылы кез келген бизнесті жауып, өндірісті тоқтата алады.
📌Екінші сұрағым: Бизнес субьектілері мен тексерушінің арасында тікелей байланыс бола ма?
Өкінішке қарай, министрлік өкілдері тарапынан тұшымды жауаптар болмады.
Сұрақтардың жауабы бейнежазбада.
Біздің мақсатымыз — Қазақстанның әрбір азаматының құқы мен еркі қорғалған, адал еңбегімен өз бизнестерін жасауға мүмкіндік, қолайлы орта жасау. Жеке меншікке қол сұқпау, ашық бәсекелестік және заңнама арқылы бизнесті дамытуға және инвестиция тартуға жағдай туғызу.