Жайымбетов
Мархабат
Жайымбетұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІНІҢ ЖОБАСЫ ТУРАЛЫ» Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген тақырыптық отырысы

Бүгін «Жаңа салық кодексінің жобасы туралы» Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген тақырыптық отырысы өтті.

Отырыста Комитеттің төрағасы - М.Т.Такиев модераторлық жасап, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі - Т.М.Жақсылықов «Салық саясаты бөлігінде жаңа Салық кодексінің жобасын әзірлеуде ұсынылатын тәсілдер туралы», Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі - Е.Е.Біржанов «Салықтық әкімшілендіруді жаңарту бойынша ұсыныстар – сервистік модельге көшу», «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары - Басқарма мүшесі - Т.З.Жаркенов және Палатаның салық консультанты - Д.С.Қазиев «Жаңа Салық кодексін әзірлеуде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынатын негізгі тәсілдер мен ұсыныстар» тақырыптары бойынша өз баяндамаларын жасады.

Аталған Жаңа заң, Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша дайындалып жатыр.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында салық мәселесіне арнайы тоқталып, экономиканың әртүрлі секторында дифференциалды салық мөлшерлемесіне көшу қажеттілігін атаған еді.

Отырыс барысында баяндамашылар жаңа Салық кодексі әділ, ашық, болжамды салық салуды қамтамасыз етуге бағытталатындығын жеткізді.

Атап айтқанда:

✅салықтық әкімшілендіруді жаңарту;

✅салықтық бақылауды мүмкіндігінше цифрландыруды қамтамасыз ету;

✅экономиканың әртүрлі секторларындағы сараланған салық ставкаларына көшу;

✅технологиялық жаңғыртуға және ғылыми әзірлемелерге бағытталған пайдадан корпоративтік табыс салығын төмендету немесе одан босату тетігін енгізу;

✅салық төлеуден жалтару тәуекелдерін азайту мақсатында арнайы салық режимдерін жеңілдету; ✅салық жүктемесін төмендету мақсатында ұйымдардың қасақана бөлінуіне жол бермеу;

✅тиісті мөлшерлемелермен және қарапайым процедуралармен бөлшек салықты қолдануды кеңейту;

✅сәнді заттарға салық ставкаларын көтеру;

✅өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу қорын ұлғайтуға жұмсалатын қаражат мөлшерінде кәсіпорындардың табыстарын салық салудан босату;

✅мемлекеттік қолдау алу кезінде бизнестің қарсы міндеттемелерін белгілеу арқылы қызметкерлердің жалақысын көтеруді ынталандыру.

🔗Отырыс соңында Парламент депутаттары тақырып аясында сұрақтарын қойып, өз пікірлерін ортаға салды.

📝Жеке көзқарасым, Жаңа Салық кодексі елдегі ахуалдың сын-қатерлеріне дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік беретін, мемле­кеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асыруға және инвестициялық тартымдылықты арттыруға, салық базасын кеңейтуге бағытталып, сондай-ақ, бизнес жасаймын дейтін адамдарға, қарапайым халыққа да түсінікті болуы қажет деп санаймын. Жалпы алғанда, Жаңа кодекс салық режімдері мейлінше жеңіл болуы керек.