Жайымбетов
Мархабат
Жайымбетұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«БӘЙТЕРЕК» ҰЛТТЫҚ БАСҚАРУШЫ ХОЛДИНГІНІҢ 2022 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ» Қаржы және бюджет комитеті дөңгелек үстел

Құрметті достар!

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінде Мәди Такиевтің төрағалығымен «Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдингінің 2022 жылғы қызметінің қорытындылары туралы "дөңгелек үстел" өтті. Оған Мәжіліс депутаттары, "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ және оның еншілес ұйымдарының басшылары қатысты. Өз сөзінде Мәди Такиев "Бәйтерек" холдингінің Қазақстан экономикасын дамытудағы, инновацияларды қолдаудағы, экспортты дамытудағы және еңбек өнімділігін арттырудағы, халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудегі рөліне тоқталды. Холдингтің Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев жұмыс нәтижелерін алға тартты. Айтуынша, 2022 жылы елімізде ірі бизнес жобаларын қолдау аясында 2,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылған, тауар экспортының 5%-ын холдинг шикізаттық емес секторда қолдауға арнады. Өткен жылы Қазақстанда пайдалануға берілген көппәтерлі үйлердің ауданы 9 млн шаршы метрді құрады. Оның ішінде 2,5 млн-ға жуығы құрылысты қолдау бойынша "Бәйтерек" ҰБХ тетіктері  арқылы қамтылған. Жалпы, холдинг қызметінің барлық бағыттары бойынша көрсеткіштердің жақсарғаны байқалады, бизнеске қолдау көрсетудің жаңа бағыттары мен халыққа қызмет көрсету жолдары енгізілуде. Одан әрі холдингтің қаржы құрылымдарының басшылары 2022 жылғы нәтижелермен бөлісті. Атап айтқанда, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Байбазаров 2022 жылы 51 жоба іске қосылып, 5 856 жұмыс орны құрылғанын атап өтті. Ал, "Отбасы банкі" АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Қазақстанда 2 млн-ға жуық адам тұрғын үй-құрылыс жинақтары арқылы тұрғын үй сатып алғанын айтты. Сондай-ақ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков сөз сөйлеп, ауыл шаруашылығы өндірушілеріне кредит беру көлемінің екі есеге артқаны туралы баяндады. Дөңгелек үстелге қатысушылар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Депутаттар, Қазақстанның Даму Банкі көрсететін қолдау шараларының ашықтығы мен тиімділігін арттыру, шағын және орта бизнесті, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді кешенді қолдау, отандық экспорттаушылардың тәуекелдерін барынша азайту, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету және т. б. Сұрақтарды ортаға салды. Сонымен қатар, ел экономикасын нығайтуға және қарапайым азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған шараларды тиімді таңдау үшін бизнеспен және халықпен тұрақты диалогтың маңыздылығына назар аударды.

Осы орайда, өз тарапымнан төмендегі төрт сұрақты қойдым.

Шағын және орта бизнесті субсидиялау неге түсіп кеткен? Нақтырақ айтсақ, 2021 жылы 1618,7 млрд теңге болса, 2022 жылы 992,6 млрд теңге болып отыр. Байқасаңыздар, 38,7% төмендеген.

Сондай-ақ, үлестік тұрғын үй құрылысына кепілдік беруге 2021 жылы 372,6 млрд теңге бөлінсе, 2022 жылы 211,8 млрд теңге қарастырылған, яғни 43%-ға аз болған. Ал, жеке құрылыс салушылардың несиелерін субсидиялауға 2021 жылы 28 млрд теңге берілсе, 2022 жылы 9,8 млрд теңге бөлінген, 65%-ға төмендеген.

Бағдарламалар неге нәтижелі жүрмеді?

Жалпы талдаулар, зерттеулер мен зерделеу жұмыстары жасалды ма?

Бүгінде Қазақстанның Даму Банкінің қолдауымен Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы өңірлерде санитариялық көлік, жедел жәрдем машиналары және төтенше жағдайлар мекемелерін көліктермен жаңартылып жатыр. Нақтырақ айтсақ, аймақтарда 1 506 санитарлық көлік бірлігі жинақталса, өрт сөндіру және полиция көлігінің 550 бірлігі жинақталған. Одан бөлек, мектептерге автобуспен қамтамасыз етуді қолға алып жатыр екен. Бұл жақсы бастама. Әлеуметтік нысандар, оларды құрал-жабдықпен толық қаматамасыз ету мемлекеттің басты назарында болуы тиіс.

Менің айтпағым, мұндай жобалар жалғасын таба ма? Қаржыландыру тоқтап қалмай ма?

Бүгінгі күні «Отбасы банк» - уәкілетті және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, етене жұмыс жасап жатқан және өздері тарапынан тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында жоғары көрсеткіш көрсетіп отырған бірден-бір ұйым (банк) болып саналады.

Алайда, Ұмай (әйелдер ипотекасы) бағдарламасы туралы БАҚ беттерінде сыни материалдар шықты. Қымбатшылық қысқан уақытта үйлі болу проблемасы халықты әркез мазалайтын мәселелердің бірі.

Осыған байланысты, мемлекеттік органдармен интеграциялық байланыстары әліде жолға қойылмаған. Бұл бағытта не істеліп жатыр? Сондай-ақ, өзіңізге мәлім, халықтың табысына қарай пәтерді табыстау мәселесі бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

 Қазақстанның ауыл шаруашылығында мүмкіндік мол, әлеуеті зор. Ауыл шаруашылығы — мемлекет экономикасының негізгі бағыттарының бірі және бізде экологиялық таза өнімдерді экспорттау арқылы әлемдік азық-түлік нарығында өз орнымызды алу үшін барлық жағдай бар.

Сондықтан, Аграрлық несие корпорациясына неге негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруде еліміздің үлесі төмен?