Жайымбетов
Мархабат
Жайымбетұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Электрсамокаттар қозғалысын реттейтін заң жобасын қабылдадық

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысы өтті.

📝Жалпы отырыстың күн тәртібіне сәйкес екі мәселе қаралды.

📍Біріншісі. 1998 жылғы 24 қыркүйектегі Қазақстан мен Қасиетті Тақ арасындағы өзара қатынастар туралы Қосымша келісімді ратификацияладық.

📍Екіншісі. Жол қозғалысын ұйымдастыру туралы заң жобасы.

📝Осы заң жобасына кеңінен тоқталғым келіп тұр.

📌Өйткені, қоғамда жаңа көлік құралдарының жүрісін реттеу мәселелері бойынша өтініштер мен сұрақтар көп.

📍Соңғы жылдары елімізде, әсіресе мегаполистерде жаңа көлік құралдары, яғни электр самокаттар, гироскутерлер мен монодөңгелектер тізгіндегендердің қатысуымен жол-көлік апаттары өте жиіленіп кетті. Өкінішке орай, адам өлімі де тіркелген.

🛴Электр самокаттардың орташа жылдамдығына қатысты мәселе бар.

Бұл мәселе ел ішінде бірінші жыл талқыланып жатқан жоқ.

📚Осыған байланысты, заң жобасы екі жыл бұрын әзірленген. Әртүрлі ортада талқыланып, әлемдік тәжирбие зерделеніп және электр самокаттарға қатысты техникалық регламент 2022 жылдың шілдесінде қабылдануына байланысты кейінге қалдырылған.

🔴Аталған заң жобасына сәйкес төмендегі түзетулер топтамасы ұсынылды:

✅Электр самокаттар көлік құралы ретінде танылады.

✅Жүру жылдамдығы сағатына 25 километрге дейінгі көлік құралдары электр самокаттарға жатады.

✅Электр самокаттар велосипед жолдары мен жол жиектерінде шектеусіз жүре алады.

✅Тротуарларда сағатына 6 километрден аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі.

⭕️ Жаңа ережеге сай, электр самокаттың жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде автобус жолағымен бір қатарда жүруіне жол беріледі. Алайда бұл үшін жүргізуші 18 жасқа толуы және шлем киюі керек. Сондай-ақ, үстінде жарық шағылыстыратын киім мен кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы қажет.

🚫Сонымен қатар, электр самокатта жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады және электрсамокат жүргізушілер жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен жаяу өтуі керек.

🔘Жалпы, көліктің осы түрін дамытудағы проблемалардың
бірі болып – елімізде арнайы бөлінген жолдар мен жолақтардың болмауы болып тұр.

📎 Ал, менің жеке көзқарасым, өз денсаулығы былай тұрсын, өзге­нің өміріне қауіп төнетінін ескере келе, электр самокаттарға қатысты заң жобасын қабылдауды дұрыс деп санаймын.