Жайымбетов
Мархабат
Жайымбетұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеттің кеңейтілген тақырыптық отырысы. Тақырып: «Автомобиль жолдарының жай-күйі мен дамуы туралы»

Бүгін  «Автомобиль жолдарының жай-күйі мен дамуы туралы» тақырыбында Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеттің кеңейтілген тақырыптық отырысы өтті. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің вице-министр баяндама жасады.

Image title

Image title

Еліміздегі жолдардың жалпы ұзындығы 96 000 км (оның 25 000 км республикалық, 71 000 км облыстық және аудандық маңызы бар жолдар).

1. Республикалық маңызы бар жолдарда.

Жалпы ұзындығы 25 мың шақырымды құрайтын, министрліктің мәліметінше, республикалық маңызы бар жолдардың 91 пайызы нормативтік жағдайда.

Дегенмен, талдау республикалық жолдардың 8,5 мың шақырымы немесе 34 пайызы қара қиыршық тас, қиыршық тас немесе топырақпен жабылғанын көрсетті.

Алайда, талдау республикалық жолдардың 8,5 мың шақырымы немесе 34 пайызы қара қиыршық тас, қиыршық тас немесе топырақпен жабылғанын көрсетті.
Бола тұра:
- Шығыс Қазақстан облысында 20% ғана;
- Абай ауданында – 28%;
Ұлытау өңірінде – республикалық жолдардың 30%-ында асфальт-бетон жабыны бар. Ал, тиісінше, қалғандары – 80 пайызға жуығы – қара тас, қиыршық тас немесе топырақтан жасалған жолдар.

2. Облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда
Жалпы ұзындығы 71 мың шақырымды құрайтын министрліктің мәліметінше, жергілікті маңызы бар жолдардың 85 пайызы жақсы жағдайда.

Дегенмен, Батыс Қазақстан облысында облыстық және аудандық маңызы бар жолдардағы асфальтсыз жолдардың үлесі 38 пайызды құраса, Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарында бұл көрсеткіш 26 пайыз және 24 пайызды құрап отыр. Бұл жалпы 5400 шақырымнан астам облыстық және аудандық маңызы бар жол. Бұл жолдардың шайылғанын, кейде күзгі-көктемгі кезеңде жолдардың болмауын білдіреді.
Сондай-ақ талдау жергілікті маңызы бар жолдардың 45 000 шақырымында немесе 65 пайызында жабын түрі – қара қиыршық тас, қиыршық тас немесе топырақ бар екені анықталды.
Ұлытау өңірінде облыстық және аудандық маңызы бар 12 мың шақырым жолдың бірде-бір шақырымы асфальт-бетон төселген жол жоқ.
Сондықтан мынадай сұрақ туындайды: Министрлік жолдардың нормативті жағдайының көрсеткіштерін – республикалық жолдар бойынша 91% және жергілікті жолдар бойынша 85% қалай есептеді?
Ал Қазақстанда бір шақырым жолдың құрылысы бір миллионнан екі жарым миллион долларға дейін екенін білесіздер. Қазақстандағы барлық жолдар бюджет есебінен салынған.
Алайда, соған қарамастан жолдардың сапасы сын көтермейді.