Бүгін «Ауылдық елді мекендерді сапалы интернет байланыспен қамтамасыз ету туралы» тақырыбында тематикалық отырыс болып өтті.
Алайда ешкімге жасырын емес, ауылдағы интернеттің сапасы өте нашар. Оны мойындауымыз керек. Бірақ уәкілетті орган төмендегі ақпаратты ұсынып отыр.
ҚР ЦДИАӨМ ұсынған:
2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ауылдық елді мекендердегі интернет-байланысы мәселелері бойынша (республика бойынша, облыстар бөлінісінде, ауылдық елді мекендер бөлінісінде):
1. Ауылдық елді мекендерді жылдам интернетпен қамтамасыз ету: АЕМ атауы, халық саны, Интернетке кең жолақты қолжетімділіктің болуы немесе болмауы, деректерді беру жылдамдығы.
Қазақстанда 6 406 елді мекен бар, оның 6 290-ы ауыл мәртебесіне ие, оның ішінде 4 974 елді мекен кең жолақты мобильді интернетке қосылған.
Сонымен қатар, 2 928 елді мекен (2813 ауыл) 4G – ге қосылған, 2 046 елді мекен (2045 ауыл) 3G технологиясымен қамтамасыз етілген. сондай-ақ, ADSL технологиясы бойынша тіркелген Интернетпен 1 950 ауыл және ТОБЖ технологиясы бойынша 2 606 ауыл қамтамасыз етілген.
- Халық саны 200 мыңнан асатын 1432 ауыл (халқы 250 адамнан аз) кең жолақты мобильді интернетпен қамтылмаған.
Деректерді беру жылдамдығына қатысты ADSL сымды технологиялары бойынша Интернетке қол жеткізу жылдамдығы 8 Мб/с дейін, ТОБЖ – 120 Мб/с дейін, мобильді ЖҚЖ 3G – 7,2 Мб/с дейін, 4G – 100 Мб/с дейін жылдамдықты қамтамасыз ететінін атап өткен жөн.
2. Ауылдық елді мекендердегі интернет-байланыстың сапасы – оның ең төменгі шекті мәндерге сәйкестігі, оның сапасын арттыру бойынша қабылданатын шаралар мен ұсыныстар.
Қазақстан тұрғындарының шағымдары негізінде Министрлік байланыс операторларына қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізеді.
Тексеру жүргізілгеннен кейін бұзушылық анықталған жағдайда байланыс операторларына анықталған бұзушылықтарды жоюға 6 ай мерзіммен нұсқама беріледі. Нұсқама мерзімі аяқталғаннан кейін қайта тексерулер жүргізіледі, олар байланыс операторы бұзушылықтарды жойғанға дейін жүргізіледі.
Анықтама: байланыс қызметтері сапасының бекітілген көрсеткіштеріне сәйкес ең төменгі параметрлері белгіленген: 3G - 1 Мбит/с, 4G - 5 Мбит/с.
3. 2022 жылға арналған республикалық бюджеттен және жергілікті бюджеттен (оның ішінде бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде), сондай-ақ 2023 жылдың 4 айынан (жылдар бойынша бөлек), оның ішінде Мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобаларды іске асыру шеңберінде (игерілмеген жағдайда себептерін көрсету арқылы) ауылдық елді мекендерді интернетпен қамтамасыз етуге қаражат бөлінді/игерілді.
Республикалық бюджеттен және жергілікті бюджеттен ауылдарды қамтамасыз етуге қаражат бөлінбеген, өйткені «Байланыс туралы» ҚР Заңының 29-бабына сәйкес операторлар өздерінің байланыс желілерін дербес жоспарлайды және дамытады.
4. Ауылдық елді мекендерде интернет-байланысқа қолжетімділікті қамтамасыз ету және жақсарту бойынша іске асырылып жатқан жобалар туралы мәліметтер (жобаның басталу, аяқталу күні, болжамды нәтижелер, бөлінген қаражат және т.б.).
Министрлік байланыс саласындағы ағымдағы міндеттерді ескере отырып, оны жақсарту үшін «Қолжетімді Интернет» байланыс саласындағы ұлттық жобаны әзірледі, іске асыру кезеңі 2023-2027 жж.
Ұлттық жоба шеңберінде елді мекендерді (қалалар мен ауылдарды), автожолдарды Интернетке кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету және олардың сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар көзделген.
Жобаның мақсаты-халықты және бизнесті интернет желісіне кемінде 100 Мбит/с жылдамдықпен жоғары жылдамдықты қол жеткізумен қамтамасыз ету.
Осы мақсатқа жету үшін жобаның негізгі көрсеткіштері анықталды. Көрсеткіштерге сәйкес, қалалық және ауылдық үй шаруашылықтарының көпшілігі жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.
Сондай-ақ, ескірген ADSL технологиясын Интернетке қол жеткізудің заманауи жоғары жылдамдықты технологияларына ауыстыру қарастырылған. Бұл шара тиісінше қалалар мен ауылдарда интернет жылдамдығының артуына алып келеді.
Сонымен қатар, ұялы байланыстын бесінші буыны 5G желілерін енгізу және салу жоспарлануда. Осылайша, 2027 жылға қарай әрбір республикалық маңызы бар қала мен Астананы қамту 75%, ал облыс орталықтарын қамту 60% -ды құрайды деп күтілуде.
Қандай да бір байланыс технологиясы жоқ шағын шалғайдағы ауылдық елді мекендерді (250 тұрғыннан аз) Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін спутниктік байланыс жүйесін пайдалану жоспарлануда.
Абоненттік қол жеткізу технологиясы ретінде ұжымдық қол жеткізу нүктелері негізінде Wi-Fi-ға қарастырылуда. Осылайша, жоба 504 ауылды КЖҚ қызметімен қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, жоғары жылдамдықты трансмиссиясы бар 487 антенналық – діңгекті құрылыстарды (2024 жылы – 162 АДҚ, 2025 жылы – 162 АДҚ, 2026 жылы – 163 АДҚ) орнату арқылы республикалық және негізгі облыстық автожолдарды мобильді интернетпен қамту үшін цифрлық инфрақұрылым салу жоспарлануда.
Нәтижесінде мобильді интернетпен қамту 17 000 км автожолды құрайды (2024 жылы – 4 000 км, 2025 жылы – 4 000 км, 2026 жылы – 4 500 км, 2027 жылы – 4 500 км).
Ұлттық жобаны іске асыру нәтижелері бойынша 2027 жылы Интернетке кең жолақты қол жетімділіктің тұрғын үйлерге ену деңгейі 100% -. құрайды деп күтілуде.
5. Байланыс операторларымен қанша базалық станция орнатылды және «талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша 1250 ауылдық елді мекенді Интернетке кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету» жобасын іске асыру шеңберінде қанша АЕМ қамтылды (мектеп, әкімшілік, Денсаулық сақтау ұйымы жоғары жылдамдықты интернетке қосылған АЕМ-ні есептемегенде).
Қазіргі уақытта байланыс операторларының 41,2 мың базалық станциясы (БС) жұмыс істейді, олар 4 974 елді мекен тұрғындарын Интернетпен қамтамасыз етеді. Жыл сайынғы өсім 3 мыңды құрайды.
Анықтама: базалық станциялардың саны 2020 жылы – 34,8 мың, 2021 жылы-38,8 мың.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің экономиканы технологиялық жаңғыртуды жеделдетуге және талшықты-оптикалық инфрақұрылымға жаппай қол жеткізуге қатысты Жолдауын орындау мақсатында Министрлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы «Қазақстан Республикасының Ауылдық елді мекендерін талшықты – оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету» жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асырды.
Бұл жобаның мақсаты байланыс қызметтерін сатып алу, Қазақстан Республикасының аумағында талшықты-оптикалық байланыс желілерін салуға арқылы ынталандыру болып табылады.
Осылайша, жоба бойынша 1257 АЕМ («Қазақтелеком» АҚ - 828 АЕМ, «Транстелеком» АҚ және «SilkNetCom» ЖШС құрамындағы Консорциум
- 429 АЕМ) АЕМ қамтамасыз етілді. Бұл 3 718 мемлекеттік органдар мен бюджеттік мекемелерге (мектептер – 1342, медициналық мекемелер – 1089, әкімдіктер – 832, авариялық қызметтер – 34, ұлттық қорғаныс объектілері – 27, ветеринариялық пункттер – 88, полиция – 288, прокуратура – 18) байланыс операторларының қызметтеріне (Интернет және IPVPN желісіне кең жолақты қолжетімділік) қол жеткізуге мүмкіндік берді. ТОБЖ-ның жалпы ұзындығы 20 мың шақырымнан асты.
6. Жылжымалы өлшеу кешендері (автомобильдер және т. б.) арқылы интернет-байланыс сапасын мониторингтеу нәтижелері:
- қанша ауылдық елді мекен тексерілді;
- тексерілген ауылдық елді мекендердегі Интернеттің сапасы;
- не істелді, қандай нәтижелер бар?
Министрлік байланыс сапасын жақсартуға бағытталған кешенді жұмыс жүргізуде, оның ішінде ел өңірлеріне 2023 жылға арналған іс-сапар шаралар жоспары әзірленді.
Анықтама:
2022 жылдың қорытындысы бойынша Министрлік 11 өңірде іс-сапарлы тексеру жүзеге асырды. Байланыс сапасын тексеру 203 АЕМ-де жүргізілді, оның ішінде 96 АЕМ-де (47 %) бұзушылықтар тіркелді.
2021 жылы 6 өңірде (144 АЕМ) байланыс сапасының параметрлерін тексеру бойынша көшпелі іс-шаралар өткізілді, 87 АЕМ-де (60 %) байланыс қызметтерін көрсету сапасына қойылатын талаптардың бұзылуы анықталды.
2023 жылдың басынан бастап 4 өңірде тексеру жүзеге асырылды. Солтүстік Қазақстан облысының 12 АЕМ-дегі байланыс сапасының параметрлерін өлшеу қорытындысы бойынша бұзушылықтар 2 АЕМ-де тіркелді.
Сондай-ақ, Ақмола облысының 15 АЕМ-де тексеріс жүзеге асырылды, оның ішінде 6 АЕМ-де бұзушылықтар анықталды.
Ағымдағы жылы жұмыс бекітілген жоспарға сәйкес жалғастырылатын болады.
Сондай-ақ азаматтардың келіп түскен өтініштері негізінде жоспардан тыс тексерулер бойынша жұмыс жүргізілуде. Мәселен, 2023 жылдың басынан бастап (30.04 жағдай бойынша) 184 тексеру жүргізілді және 795 млн.теңге сомасына айыппұл жазылды (395 млн. теңге жеңілдікті ескере отырып бюджетке төленді).
Анықтама:
2019 жылы 51 тексеру жүргізіліп, 10,8 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.
2020 жылы 93 тексеру жүргізіліп, 23,9 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.
2021 жылы 562 тексеру және 132 млн. теңге айыппұл салынды.
2022 жылдың қорытындысы бойынша 1175 жоспардан тыс тексеру жүргізілді және 790 млн.теңге сомасына айыппұл салынды (жеңілдікті ескере отырып, 395 млн. теңге төленді).
7. Ауылдық елді мекендерді Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету бойынша проблемалық мәселелер мен ұсыныстар.
Ауылдардағы байланыс сапасының нашарлығының себебі елдің географиясына (ұзақ қашықтық, байланыс арналарын ұйымдастыру үшін көлік ортасының болмауы) және ауылдарда тұратын адамдардың аздығын ескере отырып, байланыс операторлары үшін экономикалық тиімділіктің төмендігі болып табылады. Ауылдарда телекоммуникациялық инфрақұрылым салу процестерін ынталандыру үшін Министрлік Салық кодексіне түзетулер әзірледі, оның шеңберінде операторларға салықтық жеңілдіктер ұсынылады.
Ұсынылған салықтық жеңілдіктер шеңберінде мобильдік байланыс сапасын жақсарту мақсатында байланыс операторлары 2021-2022 жылдар аралығында берілген салықтық жеңілдіктер шеңберінде 1271 АЕМ-де мобильдік КЖҚ сапасы жақсарды.
Қалаларда, әсіресе жаңа аудандарда байланыс сапасының төмендігінің себебі тұрғындарда дамыған радиофобия болып табылады.
Радиофобия ұзақ уақыт бойы бүкіл әлемде ұялы байланыстың дамуына кедергі болды, ал жаңа байланыс стандартының – 5G-дің ашылуы ұялы байланыс операторларының базалық станцияларының тұрғын үй кешендерімен көршілес орналастыруға қарсыластарының санын күрт арттырды.
Стандартқа сай базалық станциялары көптеген жылдар бойы тұрғын үй алаптарымен іргелес болғанына және тұрғындарда ешқандай ауру тудырмағанына қарамастан Қазақстанда радиофобия деңгейі осы уақытта өте жоғары. Халықтың радиофобиясына байланысты станцияларды бөлшектеу пайызы өте жоғары және 20% - ға жақын.
Станцияларды орнатудан бас тарту және (немесе) бөлшектеу таратушы құрылғылар арасындағы физикалық қашықтықтың ұлғаюына байланысты сигналдың сапасын сөзсіз нашарлатады. Қолайлы балама таңдау, әсіресе тығыз қала құрылысы жағдайында, мүмкін емес.
Бұл ретте, заңнамаға сәйкес базалық станцияны бөлшектеу тұрғын үй кешенінің бір ғана тұрғынының шағымы болған кезде де жүргізілуі тиіс, бұл байланыс қызметтерін ұсыну сапасына және осы кешеннің қалған тұрғындарынан шағымдардың пайда болуына әсер етеді. Осы мәселені шешу үшін Министрлік тиісті түзетулер ұсынды, оған сәйкес жабдықты бөлшектеу кешеннің немесе массивтің барлық тұрғындарынан шағым болған жағдайда ғана жүргізілуі мүмкін.