Құрметті достар!
📌 Кеше сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының жұмысы аяқталып, қорытынды отырысы өткен болатын.
🎯Қазақстан тарихындағы ең көп партиялы Парламент жұмыс істеді.
Өйткені, Мәжіліске алғаш рет 6 саяси партия сайланды. Осыған дейін ұзақ уақыт бойы оппозицияда болған партия Парламенттен өз үлесін алды.
🔴Бұл сессия барысында Палаталардың 3 бірлескен отырысы болды. Сенаттың 12 және Мәжілістің 15 жалпы отырысы өтті. Онда 120-дан астам мәселе қаралса, Парламенттің қарауында 82 заң жобасы болды, соның ішінде 25 заң қабылданып, 13 заңға Президент қол қойды.
🟠Парламент 11 халықаралық шарт пен мемлекетаралық келісімді ратификациялады. Оны біреусіне өзім жетекшілік еттім.
🔵Алғаш рет Жоғары аудиторлық палатаның есебі тыңдалды.
Палата есебінде жылумен жабдықтау мен энергетика саласындағы көптеген оқылықтар анықталып, қарапайым халықты мазалаған сұрақтар талқыланды.
Өздеріңіз білесіздер, тыңдалымда өзімнің қосымша баяндамамды жасап, елдегі күрделенген мәселелерді көтердім.
🔥Өзекті тақырыптар тек жалпы отырыста ғана емес, «дөңгелек үстелдерде», комитеттердің көшпелі отырыстарында да талқыланды.
⬇️Атап айтқанда:
✅шағын мектептер жайы;
✅ мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік жүйесінің ахуалы;
✅экология, энергетика және өнеркәсіп салаларындағы қауіпсіздік;
✅азаматтардың төлем қабілетін қалпына келтіру, олардың банкроттығы;
✅ауылды, ауылдық жерлердегі әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымды дамыту;
✅көкөніс шаруашылығы және суармалы егіншілік;
✅«Ауыл — ел бесігі» жобасын іске асыру, т.б.
❓Онда халық пен қоғамды толғандыратын жүздеген сұрақтарды көтерген болатынмын.
✍️Қоғамдағы өзекті мәселелер депутаттық сауалдар арқылы да көтеріліп келеді. Осы сессияда 3 депутаттық сауал жолдадым.
❗️Депутат ретінде атқарған істер мен көтерген мәселелерді біршамасын әлеуметтік желілердегі парақшаларымда жариялап жүрмін.
📁Алдағы сессияда да бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Парламент Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Салық, Бюджет, Су, Қала құрылысы кодекстерімен, Мемлекеттік сатып алу, Ғылым және технологиялық саясат туралы заң жобаларымен жұмыс істеуді жоспарлап отыр.
📍Қорытындылай келе, елдегі заң шығару процесіне немқұрайлы қарамайтын қоғам белсенділеріне және жалпы сарапшылар қоғамдастығына ризашылығымды білдіргім келеді.
🔗Сонымен қатар, бірлесе атқарған жұмысы үшін барлық әріптестеріме, Үкіметке және жұмысымызды жоғары деңгейде жариялап жүрген бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне алғысымды білдеремін.