Жайымбетов
Мархабат
Жайымбетұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚР кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының таныстырылымы

Мәжілістегі Қаржы және бюджет комитетінде Мәди Тәкиевтің төрағалығымен ҚР кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының таныстырылымы өтті.

– Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының трансферттік баға белгілеу бойынша бақылау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Қаржы министрлігі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы сарапшыларының ресми қорытындысымен расталған түзетулер жобасын әзірледі, - деді Қаржы вице-министрі.

Не ұсынылады?

1. Нарықтық бағаны анықтау әдістерін қолдану иерархиясын жетілдіру;

2. Нарықтық диапазонды анықтау тетігін енгізу;

3. Капиталды шығару бойынша бақылауды күшейту мақсатында тараптардың өзара байланыстылығын айқындауды кеңейту;

4. Капиталды шығаруға қарсы іс-қимыл мақсатында тауар биржаларында жасалған мәмілелердің трансферттік баға белгілеуі бойынша бақылауды қайтару;

5. Өзара байланысты резидент емес тұлғалармен операцияларды жүзеге асыратын салық төлеушілерге жергілікті есептілікті ұсыну міндетін жүктеу.