Не енгізіледі?
1.Үш жылда бір рет жүргізілетін оның даму жай-күйін бағалау негізінде акваөсіру саласындағы мемлекеттік саясат құралдарын енгізу;
2.Көлеңкелі сауданың алдын алуды қамтамасыз ететін ақпараттық мониторинг жүйесі;
3.Акваөсіруді жүргізу үшін су айдындарын конкурстық негізде және конкурстық рәсімдерсіз беру тәртібі;
4.Мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары (субсидиялар, жеңілдікті несие, арнайы салық режимі және т.б.).
5.Бюджет қаражаты есебінен бизнесті ақпараттық-талдамалық және ғылыми-әдістемелік қолдауды ұсыну арқылы инвестициялық жобаларды ғылыми сүйемелдеу;
6.Жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы бақылаудың құрамына кіретін акваөсіру саласындағы мемлекеттік бақылау.
Заң жобаларын іске асыру балық шаруашылығын дамытуда оң нәтижеге қол жеткізуге, балық өндіру және экспорттау көлемін ұлғайтуды қамтамасыз етуге, салаға инвестиция тартуға, сондай-ақ халықтың балық өнімдерін тұтыну деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.