Жұбанов
Әділ
Орынбасарұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутаттык сауал

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, мынадай ұсыныстарды ескере отырып, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу қажет деп есептейміз:

алдағы жылдары республикалық бюджеттің техникалық дефолтын болғызбау үшін бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту бойынша шұғыл шаралар қабылдансын;

кейіннен паспорттау практикасын енгізе отырып, қолданыстағы салық жеңілдіктеріне, субсидияларға және басқа да преференцияларға, оның ішінде ҚҚС бойынша түгендеу жүргізілсін;

алдағы уақытта салық жеңілдіктерінің тиімділігін бағалауды жүйелі негізде жүргізу, субсидиялар мен өзге де преференцияларды беру оларды одан әрі қолданудың орындылығы туралы шешімдерді әзірлей отырып қамтамасыз етілсін;

екінші деңгейдегі банктердің шығыстарды шегерімге жатқызуына қатысты көзқарастар жетілдірілсін;

шикізат экспорттаушыларына қарағанда қайта өңдеу кәсіпорындары мен дайын өнімді өндірушілерге преференциялар, салық жеңілдіктері мен артықшылықтар көзделсін;

Салық кодексінен жеке сипаттағы жеңілдіктерді беретін барлық нормалар алып тасталсын.