2025 жылғы 8 шілде Астана қ.
Депутат Н.Дементьева Астана қаласы Нұра ауданында учаскелік полиция пунктінің ашылуына қатысты.
Ол халықтың полицияға неғұрлым жылдам қол жеткізуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ ауданда қауіпсіздікті жақсартуға бағытталған.
Астана қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, елордада «Полиция қадамдық қолжетімділікте» бастамасы аясында және қала әкімдігінің қолдауымен № 7, № 51 және № 90 жаңа учаскелік полиция пункттері жұмыс істей бастады.
Аталған пункттердің ашылу мақсаты – тұрғындардың полицияға жүгіну және «Заң және Тәртіп» қағидасын іске асыра отырып, жедел көмек алу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Қазір бұл қағидат барлық өңірлерде, сондай-ақ елордада белсенді енгізілуде. Тәртіп сақшылары әрдайым халықтың жанында болып, оқиғалар мен құқық бұзушылықтарға дер кезінде жауап беріп, бірінші болып көмекке келуі үшін жасалған шара.
№51 УПП Нұра ауданында, Ш.Чокин көшесі, 6-үйде орналасқан. (полиция пункті шамамен 70 мың адамға қызмет көрсетеді). №90 УПП Сарыарқа ауданында, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 12-үйде, «Мирный дом» тұрғын үй кешенінде (пункт 31 мыңнан астам тұрғынды қамтиды). №7 УПП Алматы ауданында, М.Төлебаев көшесі, 5-үйде «Арыстан» тұрғын үй кешенінің бірінші қабатында орналасқан. (пункт 41 мыңнан астам адам тұратын аумаққа қызмет көрсетеді).
Мұнда кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларына, отбасылық-тұрмыстық қатынастар мәселелері жөніндегі инспекторларға арналған бөлек кабинеттермен қатар, конференц-зал да қарастырылған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, енді осы аудандардың тұрғындары учаскелік полиция инспекторларына өз шағынауданынан шықпай-ақ тікелей жүгіне алатын болады. Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жедел әрекет етуге және полиция мен халық арасындағы сенімді нығайтуға маңызды ықпал етеді. Әр пункт заманауи техникамен жабдықталған: бейнебақылау жүйелері, компьютерлер, учаскелік инспекторлардың жұмысы мен азаматтарды қабылдауға арналған ыңғайлы кабинеттер бар. Полиция мен тұрғындар арасындағы тиімді әрі ашық өзара қарым-қатынас үшін барлық жағдай жасалған.
Пункттің ашылу рәсіміне Астана қалалық полиция департаментінің бастығы М.Төлебаев, мәслихат депутаты Б.Смаилов және аудан әкімдері қатысты.
«Елордада құқықтық тәртіпті нығайтуға ықпал ететін жаңа полиция пункттерінің ашылғаны қуантады. Мемлекет басшысы атап өткендей, елімізде Заң мен Тәртіп басшылық етуі тиіс. Бұл қағидалар орындалуы тиіс және ересектер үшін ғана емес, жастарды тәрбиелеу үшін де маңызды», - деді Н.Дементьева. Сондай-ақ, ол бүгінгі таңда депутаттар құқық бұзушылықтың алдын алу туралы заң жобасын қарастыратырып жатқанын, бұл қоғамдық құқықтық тәртіпті қорғау сияқты іс-шараларға сәйкес болатынын атап өтті. Полиция органдарымен бірлесіп тұрғындар елордада және елде тәртіпті сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтты.
Сөз сөйлеушілер жаңа тірек пунктінің ашылуы аудандағы қауіпсіздік деңгейін арттырып, полицияға азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.