Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

Председатель Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Балқаш ауданына сапарымыз

Сапар бағытын шалғайдағы аудандарға бұрдық. Бұл жолы әріптесім Тәжмағанбетова Мақпал Мазаққызымен таңғы сағат 6-да Балқаш ауданына тарттық. Күн ыстық. 43 көрсетіп тұр. Биылғы қуаңшылық жағдайы еліміз үшін оңайға соғып отырған жоқ. Бұл жағдай әсіресе ауылшаруашылық саласына және агроөнеркәсіптік кешеннің басқа да салаларына кері әсерін тигізуде. Мал шығыны да бар. Аудандарға шыққандағы бірінші қарайтын мәселе осы.

Шөбі шүйгін, суы мол Балқаш ауданында жағдай тұрақты. Көбінесе мал азығын осы аймақтан сатып алады. Ауыл шаруашылығы мамандарының айтуынша, шөп бағасы да бірқалыпты. Орташа есеппен бір орам шөп бумасы 4-5 мың теңге көлемінде бағаланады. Шөпті тек Алматы облысы бойынша ғана сатуға немесе сатып алуға болады. Дегенмен өз бағасына сатып алып, үстеме баға қосып сататын делдалдар да бар. Осы тұста төрт-түлікке қажетті жем-шөп бағасының тұрақтылығын қатаң бақылауға алу қажет екенін ескерттік.

Өңірге сапар барысында асыл тұқымды ірі қара өсіру бойынша белсенді шаруашылық «Dinara-Ranch» агрохолдингінің жұмыс барысымен таныстық. Өнеркәсіптік кешен жем-шөп даярлау, ірі қарадан герефорд, абердин-ангус, ақбас сиырларды өсіру, етті, сүтті өңдеу жұмыстарымен 1996 жылдан бері тұрақты айналысып келеді. Бүгінде өндіріс орны тек ішкі нарықта ғана емес АҚШ сынды ірі мемлекеттермен серіктестік орнатуда. Қазір 5000 бас ірі қара бар. 100-ге тарта жұмысшы еңбек етуде. Республикалық бюджеттен 2 түрлі субсидия алып отыр.