Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

Председатель Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Ақсу ауданына қарасты Жансүгіров ауылындағы «Ақсуқант» ЖШС қант зауытының қайта жаңғырту жұмыстарымен танысу

Ақсу ауданы

Өздеріңізге белгілі елімізде қант қызылшасын өсіріп, одан қант өндіру бойынша Алматы облысы мен Жамбыл облысының жұмысы өте жоғары деңгейде. Кеңестік кезеңде Алматы облысы жалпы жылдық өніміді 1 миллион тоннаға жеткізіп, қант қызылшасының «алтын жауһарына» айналған болатын.

Әріптестермен Ақсу ауданына қарасты Жансүгіров ауылындағы «Ақсуқант» ЖШС қант зауытының қайта жаңғырту жұмыстарымен таныстық. Модернизациялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Зауыт жұмысшыларының алға қойған мақсаты жылдық өнімді 500 мың тоннаға жеткізу. Аталған көрсеткішке қол жеткізу үшін зауыттағы техникалық құрал-жабдықтарды жаңартып, заманауи технологиялармен жабдықтау қажет.

Еліміздің көптеген аймағында қуаңшылықтың кесірінен мал шаруашылығы тұралап тұр. Нақтырақ айтсақ жем-шөптің тапшылығы малшыларды алаңдатуда. Осы орайда зауыттан шығатын қант қызылшасының сығындысы (жом деп аталады) мал асырап отырған ағайынға үлкен көмек болмақ. Себебі қант қызылшасының сығындысы жем-шөппен салыстырғанда өте құнарлы. Сонымен қатар сақталу мерзімі де ұзақ, 12 айға дейін жарамды. Бағасы да қолжетімді. Өзге өңірдегі шаруалар жомды жаппай сатып алуды бастап та кеткен.

Ендігі жоспар аудан бойынша аталған жұмыспен айналысып отырған қарапайым шаруаларға қолдау көрсетіп, оларды ынталандыру жұмыстарын жүргізу болмақ. Бүгінде шаруалардың басты мәселесі – су тапшылығы. Суармалы жерлердің көлемін ұлғайту, ирригация жүйелерін қалыпқа келтіру қажет. Бұл жағдай бойынша Ауылшаруашылығы министрлігінен су қоймаларын салуға қаражат қарастырылуын сұрайтын боламыз. Себебі бұл мәселе еліміздің барлық аймақтарындағы ауылшаруашылығына өзекті болып тұр. Біз өз тарапымыздан аталмыш корпорациядан қант қызылшасын өсірем деген шаруа қожалықтарына көмек қолдау көрсету туралы ұсыныс айттық.