Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

Председатель Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Қарасай ауданындағы Елтай ауылдық округінде «Rich Valley» ЖШС-не сапар

Бүгін Қарасай ауданындағы Елтай ауылдық округінде «Rich Valley» ЖШС-нің көкөністерді, олардың тұқымдары мен көшеттерін өсіруге арналған жылыжай кешеніне барып, оның барлық заманауи инфрақұрылымымен жабдықталғанына көзіміз жетті.

Атап айтқанда, кешенде жылыту және климаттық бақылау жүйесі, термоаккумулятор, жылу энергиясының автономды көздері, ауаны автоматты ылғалдандыру, жарық беру, топырақсыз өсіру технологиясы, тамшылатып суару, қоректік ерітінділерді дайындау тораптары, су дайындау жабдықтары орнатылған.

Жобаның жалпы құны 696 421 000 теңге, жұмсалған қаражат бекер емес деп есептейміз, өйткені «Rich Valley» ЖШС-нің қызметінде үлкен экспорттық потенциал байқалады.

Жылыжай кешенінің бас агрономы Шыңғысхан Әбдімәжітов мырза қазіргі таңда 10 жұмысшы бар екені, маусымдық жұмыстары кезінде тағы 25 жұмыс орын ашу туралы жоспарларымен бөлісті.


Нысан 2019 жылы Алматы облысы Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округінде құрылысын бастаған. Жалпы көлемі 2,5 гектар. Жылыжай кешенінде жабық грунтта көкөністер өсіру жоспарлануда (қияр,қызанақ). Бас аграном Шыңғыс Әбдімажитов жылыжай жұмысымен таныстырып шықты. Өндірістік жылыжай кешені барлық инфрақұрылыммен жабдықталған екен. Жылыжай кешені термоаккумулятор, жылыту және климаттық бақылау жүйесі, ауаны автоматты ылғалдандыру, жарық беру, топырақсыз өсіру технологиясы, тамшылатып суару, қоректік ерітінділерді дайындау тораптары, су дайындау жабдықтарымен жабдықталған.

2021 жылдың қаңтар айынан бастап 112,5 тонна қияр өнімін алған.

2021 жылдың маусым айынан бастап көлемі 2,5 га жылыжай кешеніне қызанақ отырғызу жоспарлануда. Қазіргі уақытта тұрақты 15 жұмысшы еңбек етуде. Алдағы уақытта маусымдық жұмыстары кезінде қосымша 25 жұмыс орнына адам қабылдаймыз деп отыр.

Ыстық күнде жоғары температурада жұмысшылардың денсаулығына көбірек көңіл бөлу керектігі басшылыққа ескертілді.