Линник
Андрей
Григорьевич

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан

Обращение к депутату
Мәжіліс депутаты өңірдегі еңбек ұжымдарына және тұрғындарына Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы, референдумды өткізу және оған дайындық барысы туралы түсіндіру үшін кездесулер өткізді

Кеше Парламент Мәжілісіндегі «Ақ жол» ҚДП фракциясының мүшесі Андрей Линник Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді. Мәжіліс депутаты өңірдегі еңбек ұжымдарына және тұрғындарына Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы, референдумды өткізу және оған дайындық барысы туралы түсіндіру үшін кездесулер өткізді.

         Атаулы күнге тұспа-тұс келген Мәжіліс депутаты «Ақ жол» ҚДП-ның Жамбыл облыстық өкілдерімен бірге  Тараз қаласындағы Қуғын-сүргін құрбандарына арнап қойылған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Ақжолдықтар тоталитарлық жүйенің құрбаны болған Алаш қайраткерлерінің, ашаршылықта көз жұмғандардың рухына тағзым етті.

Мәжіліс депутаты референдумның маңыздылығын талқылау мақсатында Автобекет ұжымымен кездесу өткізді. Еңбек ұжымының жай-күйімен танысты.

Кездесуде Мәжіліс депутаты тұрғындардың елдегі жүргізіліп жатқан реформалардың барлық прогрессивтілігін түсініп, 5 маусымында дауыс беруге белсенді қатысқаны маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ А.Линник «Жамбыл цемент» ЖШС-ның жұмысшыларымен және Жамбыл шекаралық аумағының штабының басшыларымен кездесті.   

Жиында референдумда дауысқа салынып отырған өзгерістердің біріне сәйкес енді жер мен табиғи байлықтардың иесі – халық екені айқындалатынын атап өткен Мәжіліс депутаты бұл норманың түпкілікті бекітілуі үлкен саяси мәнге ие болатынын жеткізді. «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан мемлекет меншік құқығын жүзеге асырады», - деді халық қалаулысы.