Омарбекова
Жанат
Ануарбековна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан

Обращение к депутату
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы екінші оқылымда мақұлданды

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы екінші оқылымда мақұлданып, Сенатқа жолданды.

Заң жобасы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленгенін, сондай-ақ Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыруға бағытталғанын атап өтемін.

Мүгедек жандардың мұқтаждарын айқындаудың жеке тәсілін қамтамасыз ету үшін заңнамалық негіз қалыптастыру мақсатында, депутаттар бірқатар нормалар енгізді.