Сартбаев
Бауржан
Мейрамбекович

Член Комитета по аграрным вопросам Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VII созыва

Обращение к депутату
Сегодня на пленарном заседании депутаты Фракции "AMANAT" направили депутатский запрос Первому заместителю Примьер-Министра РК Р.В. Скляру

5.10.2022ж Жарияланды


Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

орынбасары Р.В. Склярға

Депутаттық сауал


Құрметті Роман Васильевич!

Өткен жылы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-елдің өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында бірыңғай тұрғын үй бағдарламасын құру міндетін белгіледі. Президент «Баспана хит» және «7-20-25» тұрғын үй бағдарламалары аяқталған соң бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірлеу керек екенін айтты.

Ендігі кезекте жаңа тұрғын үй бағдарламасы аясында бұрын мемлекеттік бағдарламалармен қамтылмаған әлеуметтік топтардың мүддесін ескеру қажет. Бұл санатқа шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері және тағы басқалар жатады.

Коммерциялық тұрғын үй сатып алу бағдарламаларынан басқа бюджеттік сала қызметкерлері коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан берілетін коммуналдық немесе мемлекеттік пәтерлер (әкімдіктер жалға алған пәтерлер осы қорға кіреді) кезекке тұра алады. Ол үшін өзі тіркелген тиісті елді мекенде тұрақты тұру қажет (тұру мерзіміне қарамастан).

Осыған байланысты жұмысы елді мекендер мен тұтас өңірлердің қауіпсіздігі мен тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін коммуналдық қызметтердің қызметкерлері тұрғын үй алу немесе сатып алу жөніндегі жеңілдікті бағдарламалардан тыс қалмауы тиіс деп санаймын. 2022 жылдың жазында «Астана су арнасы», «ҚазСуШар» кәсіпорындарында сайлаушылармен кездесу шеңберінде жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан қызметкерлер туралы мәселе қозғалды. Мәселен, Қаныш Сәтпаев атындағы су арнасының қызметкерлері тұрғын үй сатып алу үшін мемлекеттік бағдарламалардың ешқайсына қатыса алмайды. Сондай-ақ төтенше жағдайлар министрлігіне жататын шаруашылық жүргізу құқығындағы «Резерв» мемлекеттік кәсіпорыны сияқты ұйымдар да осындай мәселе. Бұл кәсіпорын қызметінің мақсаты мемлекеттік материалдық резервті сақтау. Мұнда да қызметкерлер коммуналдық немесе мемлекеттік тұрғын үй алу үшін кезекке тұра алмайды, ал коммерциялық тұрғын үй сатып алу үшін олар үшін арнайы жеңілдіктер жоқ, өйткені олар ешқандай да санатқа жатпайды. Бұл мекемелердің қызметі мемлекеттік дотация есебінен жүзеге асырылады, қызметкерлердің жалақы деңгейі коммерциялық сектор мамандарымен салыстырғанда біршама төмен.

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, келесі ұсыныстарды қарастыруды сұраймын:

- Коммуналдық қызмет қызметкерлерін мемлекеттік тұрғын үй алуға үміткер адамдар тізіміне қосу;

- Жұмысы елді мекендер мен жалпы өңірлердің қауіпсіздігі мен тыныс-тіршілігіне тікелей әсер ететін коммуналдық қызмет қызметкерлері үшін тұрғын үй алу мүмкіндіктерін немесе тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдікті кредит беру бағдарламаларын жасау;

- Коммуналдық кәсіпорындардың жас мамандарын отбасылық жатақханалармен қамтамасыз ету.

Жауапты белгіленген заңнамаға сәйкес беруіңізді сұраймын.


Құрметпен,

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты,

«Amanat» партиясы

фракциясының мүшесі Б.М. Сартбаев