Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА 35 ЕЛДІ МЕКЕННІҢ 32-СІ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА 35 ЕЛДІ МЕКЕННІҢ 32-СІ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жазғы каникул кезіндегі ауыл-аймаққа сапарымды бүгін 200 шақырымнан аса жол жүріп, Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында жалғастырдым.
Су – тіршілік көзі ғой. Сондықтан алдымен, Жаңақорған кентінде өлкедегі ауыз су мәселесі бойынша тұрғындармен кездесу өткіздім. Ауыз су мәселесіне байланысты Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тлеумбетов, маслихат хатшысы Ғалымжан Жарқынбекұлы Сопбеков, аудандық ТКШ, жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Қайрат Сапарбаев, "AMANAT" партиясы Жаңақорған аудандық филиалының консультанты Мақпал Ермаханова және Жаңақорған кенті тұрғындары қатысты.
Онда не білдім?
Жаңақорған ауданына 35 елді мекен кіреді. Оның басым көпшілігі – 32-сі орталықтандырылған ауыз сумен қамтылыпты. Қуантарлық жағдай. Кезінде «Ақбұлақ» бағдарламасынан бастау алып, «Нұрлы жол» бағдарламасына жалғасын тауып, құрылысы жүргізіліп жатқан «Сырдария» топтық су құбыры мен «Талап» топтық су құбырының құрылысы жобасында Сырдария өзенінің шығыс беткейіндегі 12 елді мекенінің 19 381 тұрғынын және Сырдария өзенінің батыс беткейіндегі 15 елді мекеннің 23 564 тұрғынын таза ауыз сумен қамту қарастырылған. Маған бұл жұмыстар жоспар бойынша 2022 жылдың екінші жартысында толық аяқтады деп баяндалды. Жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Ол жобаға тапсырыс беруші: «ҚазСуШар» РМК-нің «Арал» СЖКБД Қызылорда облыстық филиалы.
Жаңақорған ауданындағы Қожамберді, Сүттіқұдық, Жайылма елді мекендерін сумен жабдықтау желісін қайта құру және кеңейту жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 2021 жылы жергілікті бюджеттен 16 млн 906 мың теңге қаржы бөлініпті. Ол ЖСҚ әзір.
Қазір осы елді мекендерді сумен жабдықтау жобасы сараптаманың оң қорытындысын алуы үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде деп хабарланды.
Жаңақорған ауданында 2020–2021 жылдары «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында «Жаңақорған кентінің тұрғын үйлеріне су құбырын жеткізу сервистік желісін салу» құрылысы жобасы іске асырылды.
Құрылыс жобасының жалпы сомасы 464 млн 37 мың теңге. Оның ішінде: құрылыс монтаждау жұмыстарына – 444 млн 887 мың теңге; техникалық қадағалау қызметіне – 13 млн 613,5 мың теңге, авторлық бақылау қызметіне – 5 млн 536,5 мың теңге. Келісімшарттары жасалған. Осы жұмыстарға қарастырылған қаржыдан 2020–2021 жылдары игерілген қаржы көлемі – 308 млн 588 мың теңге. Игерілмеген қаржысы – 155 млн 338 мың теңге.
Берген қаржы неге игерілмеген?
Себебі, құрылыс-монтаж жұмыстарының бас мердігер мекемесі – «ҚАЗ құрылыс сервис» ЖШС-мен арада жасалған келісімшартқа сәйкес кент орталығындағы тұрғын үйлерге су құбырын жеткізіп, 32 000 тұрғынды ауыз сумен толық қамту мақсатында 194 шақырым су құбырын жүргізу, 177 дана құдығын салып, 5441 дана су есептегіш орнату міндеттелген.
Алайда мердігер мекеменің дәрменсіздікке жетуі салдарынан құрылыс жұмыстары басталғалы 194 шақырымның 164 шақырымына ауыз су құбыры төселген, 89 дана құдығы орнатылды, 5215 тұрғын үйдің ауласына кіргізіліп, 2832 дана су есептегіш аспаптары ғана орнатылды.
Бекітілген жұмыс жүргізудің күнтізбелік кестесіндегі көрсетілген жер қазу және басқа жұмыстарға 10 дана техника қарастырылған болса, шын мәнінде бүгінге дейін 5-6 дана, кейбір күндері 1-2 дана техника ғана жұмыс жасады. Кестеге сәйкес жұмысшылар саны жұмыс түрлеріне қарай 20-35 адам деп көрсетілсе, онысы 10-15 адамнан аспай, сәйкесінше жер қазу, құбырларды салу, фасонды бөліктері мен су құдықтары, су есептегіш құрылғыларын сатып алу кешіктірілген. Асфальт жабынын қалпына келтіру жұмыстарының кестеде көрсетілген мерзімдері мүлдем орындалмады.
2021 жылдың 7 қыркүйегінде «ҚАЗ құрылыс сервис» ЖШС-не қатысты «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңына сәйкес тексеру жұмыстарын жүргізілді. Анықталған кемшіліктерге орай әкімшілік облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына жауапқа тарту жөнінде хат жолданды. Нәтижесінде 2021 жылы 22 қыркүйекте №62 нұсқамасына сәйкес 18 тармақтан тұратын бірнеше кемшіліктер анықталды. Анықталған кемішіліктерге орай 400 АЕК айыппұл салынды.
Сонымен қатар, Қызылорда облысының мамандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2021 жылғы 3 қарашадағы сот отырысының қорытындысына сәйкес, мердігер компания мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды және мердігерден тұрақсыздық айыбының сомасын өндіру туралы шешім қабылданды. Осы мәселелерге байланысты аталған мердігер мекеменің дәрменсіздігінен кенттің ауыз су мәселесі толық шешімін таппай, маңызды жоба аяқсыз қалып отыр.
Осыған орай ауыз судың тұрақты берілмеуі халықтың наразылығын тудыратынын ескеріп, құрылысы басталған әлеуметтік-экономикалық маңызды жобаны толық іске асырып, халыққа сапалы ауыз су беру мақсатында, жобаның 2020–2021 жылдары игерілмей қалған 155 млн 426 мың теңге қаржысы биылғы жылы облыстық бюджеттен бөлініп, сатып алу жұмыстары нәтижесінде «Әлем Құрылыс» корпорациясы мекемесі жеңімпаз болып танылды.
Осы уақытқа дейінгі атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы жасалатын жұмыстың нақты жұмыс кестесі жасалып, құрылыс жұмыстары басталды. Мердігер жұмысты 4 ай мерзімде аяқтауға тиіс.
Бақытбек Смағұл
Мәжіліс депутаты,
AMANAT фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #ҚызылордаОблысы #ЖаңақорғанАуданы #deputatAMANAT #AMANAT