Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
04.05.2021

Мәжілісте Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңды іске асыруға қатысты дөңгелек үстел өтті


Нұр-Сұлтан, 4 мамыр, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Заңын іске асырудың өзекті мәселелері туралы дөңгелек үстел отырысы өтті.

Бейнеконференция форматында ұйымдастырылған жиынды Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті өткізді.

Айгүл Қаұспанның төрағалығымен өткен отырысқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпорындардың, сондай-ақ Парламентаризм институтының өкілдері қатысты.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Әділбек Сәрсембаев депутаттарды отандық өндірушілерді ынталандыру және армияны қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи және жоғары технологиялық үлгілерімен жарақтандыру мәселелері туралы елімізде қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Сондай-ақ, Вице-министр 2019 жылғы наурызда қабылданған «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» заңды, оның ішінде бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру бөлігінде одан әрі жетілдіру қажеттігі туралы мәлімдеді.

Өз кезегінде, Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаев жалпы саланың дамуына әсер ететін бірқатар мәселелерді атап өтті. Олар: өнім сапасы, пайдаланылмайтын әскери мүлікті сақтау, кәсіпорындардың қорғаныстық тапсырысқа едәуір тәуелділігі, іс жүзінде қосылған құны төмен өнім құнының жоғары болуы, өндірісті әртараптандырудың төмен көрсеткіштері және т.б.  Баяндамашының пікірінше, осы және басқа да мәселелерді шешу қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізуді талап етеді.

Отырыс барасында, Мәжіліс депутаты Құдайберген Ержан пікір білдіріп, осы заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі болды.  Депутат аталған құжат бойынша Мәжіліс депутаттары бірқатар оң өзгерістер енгізген атап өтті. Олардың бірі: мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу мәселесін реттеуге қатысты.

Құдайберген Ержан атап өткендей, қазіргі уақытта депутаттар заңның жекелеген нормаларын жетілдіру бойынша жұмыс істеуде.

Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік органдардың, қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығының, Орал "Зенит" зауытының және т.б. өкілдері сөз сөйлеп, өз ой-пікрілерімен бөлісті.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген С.Майлыбаев).


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.