Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
22.11.2021

Тұңғыш Президент күніне орай Мәжіліс халықаралық парламенттік конференция ұйымдастырды


Нұр-Сұлтан, 22 қараша, Мәжіліс үйі. Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық парламенттік конференция өтті. «Елбасы. Тәуелсіздік. Парламент» атты дәстүрлі шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Мәжілістің ұйымдастыруымен Тұңғыш Президенті күніне арналды.

Парламент Мәжілісі жыл сайын Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастыратын форумға Әзірбайжан, Түркия, Өзбекстан, Ресей, Словакия парламенттерінің басшылары, Еуропалық Парламент, ТүркПА парламент өкілдері, Мәжіліс және Сенат депутаттары, мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар қауымдастығы қатысты.

Мәжіліс Төрағасы халықаралық конференцияда сөз сөйлеп, Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиясының нәтижесінде Қазақстан зор жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті.

Конференцияны алғысөзбен ашқан Мәжіліс Төрағасы биыл тәуелсіз Қазақстанның құрылғанына 30 жыл толатынын,  бұл тағы бір тарихи белес екенін, еліміз бағындырған әрбір жеңіс, тікелей Елбасының атымен байланысты екенін айтты.

Сонымен қатар, Палата Спикері Тұңғыш Президентіміздің «алдымен экономика, одан кейін саясат», – деген ұстанымының арқасында еліміз қиындықтарды жеңіп, осы кезеңде қос Палаталы кәсіби Парламент Елбасының және Президенттің  заңнамалық тірегі болғанына назар аударды.

Биыл ел тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар, Қазақстан Парламентінің құрылғанына да 25 жыл толды. Парламент осы жылдар ішінде, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың маңызды бастамаларын заң деңгейінде қолдап, барлық реформаларды қажетті, сапалы заңдармен қамтамасыз етті. Бұл жұмыс қазіргі уақытта Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған міндеттерін орындау мақсатында тиімді жалғасып келеді. Бүгінде Парламенттен шыққан әрбір құжат халқымыздың, еліміздің экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени дамуының заңнамалық тірегіне айналды деуге болады, - деді Мәжіліс Төрағасы. 

Нұрлан Нығматулин бүгінде Конституциялық реформа нәтижесінде Парламенттің өкілеттігі күшейтілгенін, өткен жылы Мемлекет басшысының бастамасымен Парламенттік оппозиция институты енгізіліп, саяси бәсекелестікті күшейту үшін «Саяси партиялар туралы»,«Сайлау туралы», «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» заңдарға тиісті өзгерістер енгізілгенін атап өтіп:

-Осының барлығы заң шығару қызметіне жаңа серпін беріп, кәсіби Парламенттің беделін арттырды. Қазіргі уақытта біздің заң шығарушы орган барлық әріптес мемлекеттердің парламенттерімен тығыз қарым-қатынас орнатып, халықаралық ұйымдармен тұрақты байланыс жасап келеді, - деді.

Отырыста Мәжіліс Төрағасы бүгінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Елбасының бағытын жалғастыра отырып, саяси реформаларын іске асырып, Қазақстан қоғамы өмірінің барлық салаларын жаңғырту үшін бірқатар маңызды бастамалар ұсынып отырғанын айтты.

Халықаралық конференцияда мәртебелі меймандар Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетті қалыптастыру, оның саяси жүйесін жетілдіру және тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы ерен еңбектерін, халықаралық деңгейдегі мәртебесі мен жоғары беделге ие екенін айтты.

Еуропалық Парламент депутаты Рышард Чарнецкий атап өткендей,  Нұрсұлтан Назарбаев нақты бағдарламалар ұсынып, бітімгершілік бастамалар көтеріп, Қазақстанның халықаралық аренада жоғары орнын қамтамасыз етті.

Түркия Парламентінің вице-спикері Сюрейя Билгич және Әзербайжан Парламенті Төрағасының орынбасары Адиль Әлиев барша Қазақстан халқын алда келе жатқан1 желтоқсан Тұңғыш Президент күнімен және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, Қазақстан егемендігін алған осы 30 жыл уақыт ішінде үлкен жетістіктерге жеткенін айтты.

С. Билгичтің пікірінше, Қазақстан қазір саяси тұрақтылыққа қол жеткізді. Экономикасы қарқынды дамуда. Қазақстанның толағай табыстарында Тұңғыш Президент Елбасының рөлі ерекше. Осының барлығы Елбасының көреген саясатының арқасында жүзеге асып отыр.

Әзербайжан Парламентінің вице-спикерінің айтуынша, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарихта Әзербайжан мен Қазақстан қатынастарының дамуы мен нығаюына зор үлес қосқан тұлға ретінде қалады.

Өзбекстан Парламенті Төрағасының орынбасары Одилжон Тожиев Өзбекстан Республикасының Заң шығару палатасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа өзбек-қазақ қатынастарын нығайтуға және көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге қосқан баға жетпес жеке үлесі үшін зор алғыс білдіреді.

Сонымен қатар, Одилжон Тожиев екі елдің мемлекет басшылары Шавкат Мирзиеев пен Қасым-Жомарт Тоқаевтың келісімдерінің арқасында Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынасы жаңа стратегиялық деңгейге көтерілгеніне мән берді.

Халықаралық конференциясы шеңберінде Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Әзербайжан, Ресей, Түркия және Өзбекстан Парламент өкілдеріемн келіссөздер жүргізді. Іс-шарада Мәжіліс Төрағасы мемлекет басшыларының уағдаластықтарына заңнамалық қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін парламентаралық диалогты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі – 74-63-01. Суретті түсірген Ж. Жұмабеков)


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.