Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
06.05.2022

Мәжілісте стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері туралы заң жобасы қаралады


Нұр-Сұлтан, 6 мамыр, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды.

Бюрода стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қарау ұсынылды.

Үкіметтік заң жоба стресті активтердің өтімді нарығын дамыту және стресті активтерді экономикалық айналымға тарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Отырыс барысында Мәжіліс депутаттары мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелеріне туралы заң жобасын екінші оқылымда қарайтын болады.

Сонымен қатар Палатаға Қазақстан мен Қырғыз Республикасы арасындағы Министрлер Кабинеті арасындағы Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қарау ұсынылады.

Мәжілістің Палата комитеті алдағы жалпы отырыста азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы және оған ілеспе заң жобаларын жұмысқа алады.

Мәжілістің Баспасөз қызметі – 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков

 

 


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.