Вопросы и ответы

Вопрос

баспасөз қызметінде неге қазақ тілінде ешқандай жұмыс жүргізілмейді. әлде қазақ бөліміне аудармашылар орынын ашу керек шығар. Әйтпесе, қазақ тіліндегі ақпараттан жұрдай....


Ответ

Сіздің 2008 жылғы 09 шілдедегі № 3-389 тапсырмаңыз бойынша жіберілген хатпен танысып, төмендегіні хабарлаймын. Парламент сайтына сұрақ беруші қате пікірге бой алдырып отыр. Мәжілістің Баспасөз қызметі Жоғарғы Кеңес кезінен бері қарай баспасөз хабарламаларын, құлақтандыруларды мемлекеттік және орыс тілінде дайындап келеді. «Әйтпесе, қазақ тіліндегі ақпараттан жұрдай» деп жала жапқаны орынсыз болған. Парламент сайтының «қаз» деген бөлімін ашса, күнделікті жаңалықтар, алдағы күндері өтетін іс-шаралардың құлақтандырулары экранға шыға келеді. Мұны Ғаламторда (интернет) жұмыс істей білетін барлық азамат біледі. Және де орыс тілінде қанша материал берілсе, мемлекеттік тілде де соншама материалдар жарияланып келеді. Сонымен қатар парламенттік weв-сайтта жарияланған осы мақалалар бір мезгілде барлық бұқаралық ақпарат құралдарына электронды түрде дереу таратылады. Жалпы алғанда, сұрақты қоюшы адамның сөзіне қарағанда ол парламенттік weв-сайтпен таныстығы аз екенін байқатып отыр. Алайда, Парламент сайтына көбірек кіре берсе, сұрақтың авторы өзінің қателескеніне көзі жетеді.