Измухамбетов
Бактыкожа
Салахатдинович

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Ардагерлердің абыройлы парызы

Абай облысының аға буын өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында көтерілген өзекті мәселелерді кеңінен талқылады. Өңірге келген Мәжіліс депутаты, республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов аймақ басшылары және ардагерлермен арнайы кездесті.

Egemen QazaqstanEgemen Qazaqstan

Ардагерлердің абыройлы парызы

Кездесу барысында облыс әкімі Н.Ұранхаев аймақтағы түйткілді мәселелерді оң шешуде Жолдаудан туындайтын міндеттер мен осы бағытта ат­қа­рылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Өз кезегінде Б.Ізмұ­хам­­­бетов өткен жылы Пре­зи­дент Жарлығымен үш облыста ардагерлер ұйымының филиалдары құрылып, Қонаев және Жезқазған қалаларында арнайы ардагерлер орталығы ашылғанын атап өтті. Жиын­да депутат осындай орта­лық­тың Семей қаласынан ашы­луына жағдай жасап, ардагерлерге ғимарат бөліп, көмек көрсеткені үшін облыс әкіміне ризашылығын білдірді.


Сапар барысында Б.Ізмұ­хам­­бетов ақын Абай, Шәкә­рім, Мұхтар ескерткіш­те­рі­не барып, қаланың тарихи-мәдени орындарын аралады. Облыстық ардагерлер ке­ңесі орталығының ашылу сал­та­натына қатысқан депутат Абай елі­нің ардагерлерімен де жүз­дес­ті.


«Алдымен сіздерді қазаққа Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуе­зов сияқты біртуар пер­зент­­терді сыйлаған ұлылар мекенінің бұрынғы мәртебесін қайтарып, Абай облысы болып қайта құрылуымен құттық­тай­мын. Бұл мекен – талай Алаш арыстарының ізі қалған қастерлі өңір. Мемлекет тара­пынан ардагерлерге бар­лық жағдай жасалып жатыр. Пре­­зидент биылғы Жолда­у­ын­да әлемде геосаяси ахуал ушы­ғып тұрғанын, адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер мен түбегейлі өзге­ріс­тер дәуірі бас­талғанын айтты. Елдік іс­тер­де аға буынға түсер жүк сал­мақты. Ар­да­герлеріміз ел тыныш­ты­ғы, ын­тымағы жо­лында, Мем­лекет басшы­сы­ның бастамала­рын қолдауда қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып келеді. Интернет дамыған қазіргі уақытта түрлі теріс пиғылдағы ағымдар көбе­йіп кетті. Осы жағынан сақ бо­­лып, жастарға дұрыс бағыт-бағдар көрсетуіміз керек»,  деді ардагерлер орталығының ашылуын­­да сөз сөйлеген Б.Ізмұхамбетов.


Депутат ардагерлердің ара­ла­суын қажет ететін мәселе­лер­дің көп екенін, қоғамда болып жатқан өзгерістерді елге дұрыс жеткізудің маңыз­ды­лығын да атап өтті. Сөз со­ңында Мәжіліс депутаты арда­гер­лерді Қарттар күнімен құттықтап, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып жүрген ардагерлерге ардагерлер ұйымының «Құрметті ардагер» төсбелгісі мен Құрмет грамоталарын тапсырып, жұ­мыс­­та­рына сәттілік тіледі. 

https://egemen.kz/article/350106-ardagerlerdinh-abyroyly-paryzy