Измухамбетов
Бактыкожа
Салахатдинович

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Депутатский запрос по поддержке отечественных производителей строительных материалов

Пленарлық жалпы отырыста көтерілген депутаттық сауал Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә.А.Смайыловқа жолданды

        «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының алдындағы он міндеттің бірі қала мен ауылдарда адамдардың өмірі үшін қолайлы жағдай жасау, тұрғын үймен және сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.

        Болашақта  730 мыңнан астам отбасы үшін, қолжетімді бағадағы 78 миллион шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй салу жоспары бар. 30 мыңға жуық апатты және тозығы жеткен азаматтар жаңа үй алуға тиіс. Партия бағдарламасына орай, жеке құрылыс компанияларын әлеуметтік тұрғын үй құрылысын салуға ынталандыру жолдары қарастырылмақ. Жаңадан «Құрылыс» кодексі және «Риэлторлық қызмет туралы» заңдар қабылданатын болады.

        Менің сауалым, құрылыс саласындағы отандық тауар өндіруші кәсіпкерлерді қолдауға байланысты болмақ.

        Тұрғын үй салу және жөндеу жұмыстарына тендерлер сол жобадағы құрылысты толық(под ключ) тапсыруға негізделіп жарияланады. Осы орайда құрылыс жобасын жеңіп алған мердігердің конкурстық ұсынысында құрылыс материалдарының (жабын плитасы, кірпіш, цемент, түрлі тұрбалар, есік, терезелер, тағы басқалары) өзінен шығатын не шықпайтыны, сонымен қоса қандай материалды сырттан алатыны және құнын қалай,  қашан өтейтіні мердігердің тендерге ұсынысында көрсетіліп, тендер шешімінде ескерілсе дұрыс болар еді.                                                                                        Өйткені, көп жағдайда құрылысқа қажетті тауарды өндіруші компания, тиесілі қаржысын алу үшін, мердігердің құрылыс жобасын толық бітіруін  күтуге мәжбүр. Бұл кейде жылдарға созылуы мүмкін. Нәтижесінде, құрылыс материалын шығаратын компания банк алдындағы берешегін өтегенше ұзақ, қосымша шығынға батады. Мұндай жағдай отандық құрылыс материалдарын шығаратын компанияларға үлкен қауіп төндіріп, нарықтан ығыстыруы мүмкін.

        Бұл бізге халықпен «AMANAT» партиясы сайлауалды аймақтардағы кездесулерімізде айтылған өтініштердің бірі еді.

       Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу заңының шарттарына  өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде және жаңадан қабылданатын «Құрылыс» кодексінде осы жайлар ескерілсе деймін.

Құрметті Әлихан Асханұлы!

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 27-бабына сәйкес көтерілген сауалға жауабыңызды жазбаша хабарлауыңызды сұраймын.



Құрметпен,

Депутат, «AMANAT» партиясы

фракциясының  мүшесі                                                                        Б.С.Ізмұхамбетов