Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
25.01.2020

Нұрлан Нығматулин Түркияда орын алған жер сілкінісіне байланысты көңіл айтты


 

Нұр-Сұлтан, 25 қаңтар, Мәжіліс үйі. Нұрлан Нығматулин Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Мұстафа Шентопқа елдің шығысында орын алған жер сілкінісіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Өзімнің және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының атынан Түркияда болған табиғат апат салдарынан қаза болғандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын",-деді  Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс Төрағасы қайтыс болғандардың туысқандары мен жақындарына да көңіл білдіре отырып, зардап шеккендердің тезірек сауығуына тілектестігін жеткізді.

 

(Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі)


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.