Артқа
Сұрақтар мен жауаптар

Сұрақ

Білім туралы заңның өзгертілуі туралы


Жауап

«Білім туралы» жаңа заң қабылданды. Онда бұрынғы заңға қарағанда педагогтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуды қамтамасыз ететін бірнеше жаңа нормалар қарастырылған. Мысалы, бастауыш, негізгі, орта мектептердің, қосымша білім беретін, арнаулы, ортадан кейінгі мемлекеттік білім беретін ұйымдардағы мұғалімдердің 20 сағаттық апталық оқу жүктемесі 18 сағат болып белгіленді. Барлық мемлекеттік білім беру ұйымдарында істейтін педагогтарға тиіисті бюджет қаражаты есебінен кезекті еңбек демалысына шыққан кезде, еңбек заңдарында көрсетілген мөлшерде, денсаулығын сауықтыру мақсатында біржолғы жәрдемақы беріледі. Сонымен қатар «ЖОО- ның үздік оқытушысы» атағына ие болғандарға 2000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, «Үздік педагог» атағына ие болғандарға 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік грант беріледі. Заңда бұдан да басқа оқушылар мен тәрбиеленушілердің және педагогтардың құқығын, әлеуметтік жағдайын қорғайтын біршама нормалар бар.