БАЙТІЛЕСОВ
Нұрсұлтан
Төленұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өмірбаяны

1991 жылы 3 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында туған.

Білімі, мамандығы: -Қазақ Гуманитарлық-заң университетінің Гуманитарлық-заң колледжі (2009), мамандығы «Құқықтану»;

-М.Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті (2012), мамандығы «Заңтану»; -Шымкент қ. Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті (2014), мамандығы «Экономика және бизнес»;

- Шымкент қ. Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті (2014), мамандығы «Заңтану» (заң ғылымдарының магистрі). Еңбек қызметі:

-Астана қаласы Алматы аудандық сотының жетекші маманы (12.2009-03.2011);

- Астана қаласы Алматы аудандық сотының сот отырысының бас маман-хатшысы (03.2011-12.2011);

-«Атырау облыстық сотының кеңсесі» ММ кадр жұмысы бөлімінің сот орындаушысы, Атырау қ. (12.2011-04.2012);

-«Атырау облыстық сотының кеңсесі» ММ ұйымдастыру-талдау бөлімінің бас маманы (04.2012-06.2013);

-«Атырау облыстық сотының кеңсесі» ММ Басшысының орынбасары (06.2013-03.2015);

-«Павлодар облыстық сотының кеңсесі» ММ Басшысының орынбасары -«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының)» ММ Жергілікті соттардың қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамсыз ету және кеңсе бөлімінің құжат айналымы секторының Бас консультанты (02.2016-03.2016);

- «Әскери сот әкімшілігі» РММ басшысы (03.2016-11.2018); -«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының)» ММ Халықаралық байланыстар және Протокол бөлімі басшысының орынбасары (11.2018-11.2018);

-«Шымкент қаласы Соттар әкімшісі» РММ басшысы (19.11.2018-01.2020);

-«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының)» ММ басшысының орынбасары (01.2020-02.2023);

-«Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі» ММ басшысының бірінші орынбасары (02.2023-03.2024) -Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (04.03.2024);

Мемлекеттік наградалары: - І және ІІ дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төс белгісі (2013, 2016);

- ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» Медалі (2020); - «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалі (12.2021);

- Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы (2019)

Үйленген, екі баласы бар.