Серіков
Таңсауле
Ғабдыманапұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутаттық сауал

 Бүгінгі кезекті депутаттық сауалым ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновке бағытталды, ол ауылға қажетті мамандарға байланысты болатын. Яғни, “Дипломмен ауылға” бағдарламасы арқылы ауылдық елді мекендерге бару керек мамандар неге ауылдарға бармайды. Ауылымыз алтын бесігіміз емес пе еді. Осы мәселе неге нақты шешілмейді? Ауылға мамандарды тарту үшін “Ауыл” партиясымен келесі мәселелерді ұсындым. Біріншіден үш жақты келісім шарт жасалуы керек, яғни жергілікті орган тапсырыс беруші ретінде, университет білім беруші болса, талапкер білім алушы тарапы болып үш жақты келісім шарт жасалуы қажет. Ауылдағының аузы сасық емес ғой, ауылға қажет мамандар үшін жағдай жасалуы керек. Және оқу өтемін 7 жыл сол ауылда өтеу міндеттелуі керек. Сонымен қатар берілетін қаржы министрліктен емес, жергілікті органдар, яғни әкімдіктер арқылы берілсе. Және оқу гранттарын Астана, Алматыға ғана емес, Көкшетау, Өскемен, Тараз қалаларындағы оқу орындарына берсе жатақхана, оқу орнындағы орын жетіспеушілігі азайып, білім сапасы артып және басқа да мәселелер шешімін табар еді. Сонымен қатар ауылға барған кез келген маманға тұрғын үймен қамтамасыз ету, көтерме ақыны 10 млнға дейін ұлғайту керек және ол қадағалану қажет. Міне, осы және басқа да мәселелерді Үкімет басшысына жолдадым. Ауыл гүлденбей, қала түрленбейтінін естен шығармайық!