Стамбеков
Ерлан
Дәулетұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Индустриялық  сауда-логистикалық  кешеннің  құрылысы  туралы

    Сұрақ:    

    Менің сұрағым алдыңғы сұрақтың жалғасы ретінде.

    Индустриялық  сауда-логистикалық  кешеннің  құрылысы  бойынша  инвесторды іріктеу үшін ашық конкурс өткізу көзделіп отыр.

    Осыған орай түсіндіріңізші, конкурс негізінде жеңіске жеткен инвестор мұндай кешенді іске асырудан қандай пайда көреді? Рақмет.

    Жауап:

    ТӨРЕБАЕВ Қ.Қ. Сұрағыңызға рақмет.

    Қазақстанда көптеген индустриялық аймақтар бар. Ол индустриялық аймақтардың әкімшілері жекеменшік те, мемлекеттік те. Осы индустриялық аймақты дамытып, оны қосалқы жалгерлікке беріп, шекара маңында ақылы қызмет көрсету арқылы өз ақшасын қайтарып алуға мүмкіндік пайда болады.

     Алдын ала есептеу бойынша осы жобаны жүзеге асыру сомасы 30 миллиард теңгені құрайды. Бұл үлкен жоба. Сондықтан біз осы жобаға инвесторды әлі іріктеп жатырмыз. Рақмет.