СТАМБЕКОВ Е.Д. Құрметті Ерлан Жақанұлы, құрметті әріптестер және шақырылғандар! Заң жобасы Парламент Мәжілісіне Үкіметтің 2023 жылғы 6 қарашадағы No974 қаулысымен енгізілді.
Аталған хаттама Қырғыз Республикасы үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы өткізу пункттеріне жаңғырту жүргізу мерзімін 108 айға дейін ұзартуды көздейді.
Бүгінгі күні жаңғырту жүргізудің бекітілген мерзімі 96 айды құрап отыр, яғни тағы 12 айға ұзарту ұсынылады.
Заң жобасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының бір отырысы және Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы өткізілді.
Парламент Мәжілісінің барлық комитеттері заң жобасына оң қорытындыларын берді.
Осы айтылғандарды ескере отырып, Қаржы және бюджет комитеті аталған заң жобасын қабылдауды ұсынуға болады деп есептейді.
Заң жобасы бойынша комитеттің қорытындысы сіздерде бар. Қолдауларыңызды сұраймын. Рақмет.