Стамбеков
Ерлан
Дәулетұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Отбасы банкі» кезекке қою

      СТАМБЕКОВ Е.Д. Рақмет, құрметті Ерлан Жақанұлы.

      Менің сұрақтарым «Отбасы банкінің» өкіліне.

      Әріптестерім айтып өткендей, «Отбасы банкі» кезекке қою, кезекте тұрғандарды есепке алу және  тұрғын  үйді  бөлу  функцияларын орталықтандырылған түрде  жүзеге асыратын болады.

     Тұрғын үйге кезекке қою, есепке алу және тұрғын үйді бөлу тәртібін бұзған жағдайда «Отбасы банкінің» жауапкершілігі қандай болады? Кезекте тұрған адамдар қайда жүгінеді, кімге шағымданады? Рақмет.


    ТӨРАҒА. Пожалуйста, председатель «Отбасы банка», Вам вопрос.


     ИБРАГИМОВА Л.Е. Қазір Мемлекеттік деректер базасында электронды «е-Kezek» деген қызмет жасайды, оған барлық құжаттар электронды форматта тапсырылады. «Отбасы банкте» де «еKezek» деген ІТ-жүйесі болады, кезекке тұратын азаматтар өтініштерін соған тапсыратын болады.


     ТӨРАҒА.  Депутат  қандай  жауапкершілігі  болады  деп  сұрады.  Министр жауап берсін.


    ШАРЛАПАЕВ Қ.Б. Рұқсат болса, мен комментарий берейін. Егер «Отбасы банкі» ережені бұзса, азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгінуге құқығы болуы керек.

Должна быть возможность у граждан в несудебном  порядке обжаловать действия «Отбасы банка», если они столкнулись с проблемами при постановке в очередь, при снятии с очереди или при выделении жилья. В рамках проработки ко второму чтению мы хотим предложить механизмы взаимодействия граждан и «Отбасы банка» при возникновении проблем.