Менің сұрағым баяндамашыға.
Құрметті Әлібек Сәкенұлы! Заң жобасында бақылаудың жаңа нысаны ретінде тергеп-тексеру көзделген.
Кәсіпкерлік кодекске сәйкес тергеп-тексеруді жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетіні мәлім. Яғни, осы нысанды барлық бақылау саласында қолдануға болады. Алайда осы заң жобасынан біз тергеп-тексеруді жүргізу тәртібін тек төрт салада ғана көріп отырмыз. Бұл СЭС, атом энергиясын пайдалану, өсімдіктерді қорғау және электр энергетикасы салалары. Осыған байланысты сұрағым бар.
Неге тергеп-тексеруді осы аталған бақылау мен қадағалау саласында ғана жүргізу ұсынылады? Рақмет
ҚУАНТЫРОВ Ә.С. Сұрағыңызға рақмет, құрметті Ерлан Дәулетұлы.
Осы салалардың ерекшелігіне байланысты олар Кәсіпкерлік кодексінен шығарылды. Қазіргі таңда осы салалар дайын болып табылады. Жалпы, қадағалаудың үш нысаны бар. Тергеп-тексеруді өткізуге төрт сала дайын. Енді басқа да салаларға енгізуі мүмкін. Мысалы, теміржол көлігі саласында тиісті реттеушілік әсерді талдау рәсімі жүргізілуде. Аяқталғаннан кейін осы салаларды және басқа да салаларды мемлекеттік органдармен тиісті салалық заңдарға қосуға болады. Сондықтан осы айтылған төрт сала соңғы нүкте емес, болашақта басқа да мүмкіндіктер болады. Осы мәселелер азаматтардың денсаулығын және өмірін сақтауға, ұлттық қауіпсіздігіне кедергі келтіретін факторларды жоюға және жалпы, мемлекеттік бақылауды мемлекет тарапынан жүргізуге мүмкіндік береді. Рақмет