«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау, электр энергетикасы және табиғи монополиялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Заң жобасының мақсаты бағдарламалық құжаттарды (100 нақты қадам - Ұлт жоспары) және ҚР Президентінің 2021 жылғы 26 мамырдағы электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларын орындау үшін жаңартылатын энергия көздерін дамыту салаларындағы проблемалық мәселелерді шешу болып табылады.
Заң жобасында Кәсіпкерлік кодексіне, Кеден кодексіне және «Электр энергетикасы туралы» және «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Заңдарға түзетулер көзделген.
Заң жобасы энергетика саласын, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін дамытуды, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі шағын көлемді объектілерді дамытуды қолдауға бағытталған.
Заң жобасын қабылдау жаңартылатын энергия көздерін белсенді түрде енгізуге және инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесетін болады.
Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің депутаты Д.Тұрғанов
Қазақстан Республикасы
Парламенті Сенатының депутаты С. Алдашев