Стамбеков
Ерлан
Дәулетұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы

«Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА


        «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі
заң жобасы) Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабын іске асыру мақсатымен әзірленді, оған сәйкес әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Бұл Қазақстан Республикасы ратификациялаған 1966 жылғы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 19-бабының 2-тармағына сәйкес келеді.
       Сонымен қатар, Халықаралық пактінің 19-бабының 3-тармағына сәйкес: - басқа адамдардың құқықтары мен беделін құрметтеу үшін;
       мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, халықтың денсаулығын немесе имандылығын сақтау үшін шектеулер заңмен белгіленуі мүмкін.
       Соңғы жылдардағы әлемдік үрдіс неғұрлым қауіпсіз және ашық онлайн ортаны қамтамасыз ету үшін мемлекеттер мен онлайн-сервистердің меншік иелерінің үйлестірілген іс-әрекеттері қажет екенін көрсетеді. 2022 жылғы сәуірде Еуропалық Одақ комиссиясы Кеңес және Еуропарламент мүшелерімен жаңа заң жобасын келісті. Осы заңды іске асырудың және қолданудың негізгі бағыттарының бірі балаларды бейіндеу арқылы немесе этникалық тиесілік, саяси көзқарастар сияқты дербес деректердің ерекше санаттары негізінде онлайн-платформаларда таргеттелген жарнамаға тыйым салу болып табылады.
        Әлемдік сарапшылардың болжамы бойынша онлайн-жарнамаға жаһандық әлемдік шығындар жыл сайын орта есеппен 15 %-ға өседі, ал 2025 жылға қарай 100%-дан асатын болады.
        Бұдан басқа, әлеуметтік желілерде өткізілетін уақыттың ұзақтығы, сондай-ақ осы мақсат үшін ұялы телефонды пайдалану, әсіресе балалар арасында артып келеді. Бұл жағдай Қазақстанға да тән және интернеттің отандық сегментінде барлық негізгі көрсеткіштердің өсуі байқалады. Сонымен, мысалы, Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 6-74 жас аралығындағы халықтың жалпы санындағы Интернет желісін пайдаланушылардың үлесі 90%-дан асты.
       Бүгінгі күні Қазақстанда онлайн-платформалардың жұмыс істеуі мен дамуы үшін заңнамалық негіз қалыптаспаған: өзекті ұғымдық аппарат жоқ, пайдаланушылардың өзара да, онлайн-платформалар әкімшілігімен де іс- әрекеті бөлігінде бірқатар олқылықтар бар.
      Мұның бәрі нақты белгіленген құқықтық салада жұмыс істейтін, сондай- ақ аудитория үшін тек өзара ғана емес, сонымен қатар онлайн-платформалардың субъектілерімен бәсекелесуге мәжбүр болатын кәсіби журналистер мен БАҚ-тарды тең емес жағдайларға қояды.
      Заң жобасы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге, сондай-ақ мемлекеттік органдар, қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар мен онлайн-платформалар арасында туындайтын онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.
      Онлайн-платформа, пайдаланушы, онлайн-платформаның меншік иесі және үйлестірушісі, онлайн-жарнама, инфлюенсер, таргеттелген онлайн- жарнама, профайлинг, онлайн-платформадағы аккаунт және басқалар сияқты ұғымдарды енгізу көзделеді.
      Бұдан басқа, заң жобасымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі құзыреттері толықтырылды. Сонымен қатар, уәкілетті органның онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі құзыреті көзделді. Заң жобасында ақпаратты құқыққа қайшы контент санатына онлайн-платформаларды жатқызудыңнегіздері,сондай-ақ пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері көзделді.
      Осылайша, заң жобасы қабылданған жағдайда онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласында тиімді жұмыс істеуге қажетті жағдайлар жасалатын болады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары           А.А. Баққожаев
                                                                                                                   М.С. Башимов
                                                                                                                   Қ.Ж. Иса
                                                                                                                   О.Х. Куспеков
                                                                                                                   М.М. Магеррамов
                                                                                                                   А.Б. Сағандыкова
                                                                                                                   А.Ә. Сарым