«Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) мәртебесін құқықтық реттеудің негізгі қағидаттары қызметті ұйымдастыру және тиімді қамтамасыз Мемлекеттік етуге, сондай-ақ корпорацияның құқықтық мәртебесі ерекшеліктерін айқындау, жеке және заңды тұлғаларға «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуден тұратын, бірыңғай провайдер ретінде оның қызметінің мәні мен максаттарын регламенттеу қажеттілігіне негізделеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттің миссиясы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құжаттарды жинауға және дайындауға барынша аз қатысуы және оның көрсетілетін қызметті берушілермен тікелей байланысын шектеу болып табылады.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік корпорациясы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылардың мүддесі үшін заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленді.
Зан жобасында келесі заңнамалық актілерге түзетулер енгізу ұсынылады: 1) 2014 жылғы 3 шілдедегі No 226-V Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына мына бөлікте:
- мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға олардың тарапынан теріс пайдаланулар мен құқық бұзушылықтардың профилактикасы мақсатында қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге кол жеткізе алатын Мемлекеттік корпорация қызметкерлерін
жатқызу;
2) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі No 88-V Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы No 254, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы No 286-VI, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы No 63, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі No 365-1, «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі No 414-1, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы No 105-V, «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы No 126, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі No 246, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі No 482-V ҚРЗ, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы No 202-V ҚРЗ, «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы No 204-VI Қазақстан Республикасының Заңдарына, 2003 жылғы 20 маусымдағы No 442 Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, 2021 жылғы 2 қаңтардағы No 400-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Экология кодексіне, мына бөлікте:
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ұғымын одан қызмет бағыттарына нұсқауларды алып тастау жолымен оңтайландыру және әмбебаптандыру, бұл бірыңғай провайдер арқылы көрсетілетін қызмет түрлерін ұлғайту және заңнамадағы ұғымды әр уақытта өзгертпей өз бетінше үздіксіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді;
3) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі No 88-V Қазақстан Республикасының Заңына, мына бөлікте:
-«Е-өтініш» ақпараттық жүйесі шеңберінде өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру бойынша құзырет беру, бұл азаматтар үшін әкімшілік органдарға жүгінуге және жауап алуға, сондай-ақ өтініштерді қарау сапасын бақылауға қолжетімді мумкіндікті қамтамасыз ететін пилоттық режимде тексерілген жүйені пайдалануды заңнамалық тұрғыдан бекітеді.
Жалпы, заң жобасын қабылдау теріс құқықтық және әлеуметтік- экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары С. Имашева
М. Магеррамов
Д. Исабеков
Е. Смышляева