ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса Жарылқасынұлы аймақтарға жұмыс сапары аясында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауылының Манап, Бесарық ауылдарының халқымен кездесуімен басталып, Манап ауылындағы су тоғаны жағдайымен, Бесарық ауылындағы науалық суғару жүйесінің құрылысымен танысты.
Жаңақорған ауданы, Жаманбай батыр ауылы (Бесарық). Жаманбай батыр ауылы тұрғындарымен кездесу.
«Бесарық су қоймасынан» бастау алып ауылға тартылып жатқан науалық суағардың құрылысымен танысу.
Одан кейін депутат Жаңақорған ауданы, «Сығанақ» қалашығының тарихымен және ондағы қазба жұмыстарымен танысты.
Жаңақорған ауданы, Сунақ Ата ауылы, «Сығанақ» тарихи қалашығы.
2024 жылдың 9 қаңтарында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, "Ақ жол" фракциясының мүшесі Иса Қазыбек Жарылқасынұлының Қызылорда облысы, Шиелі аудандық кітапханасында ауданның зиялы қауым өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесу басында Шиелі ауданы әкімі Ахатов Нұржан Қазыбек ағамызға келіп сәлем берді. Қазыбек Жарылқасынұлы Парламент мінберіндегі Ақ жолдықтардың көтеріп жүрген мәселелері мен түрлі заң шығарушылық қызметтеріне шолу жасады. Зиялы қауым өкілдері өзекті мәселелерді көтеріп, өздерінің ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Кітапханаға "Ақ жол" партиясы атынан «Ақ жол» газетінің толық саны жинақталған 25 томдық "Ақ жол" кітаптары тарту етілді.
Кездесу соңында Шиеліліктер Қазыбек Жарылқасынұлынан автографтар алып, естелік суреттерге түсті. Ақсақалдар Ақ баталарын беріп, алдағы істеріне Ақ жол тіледі.
2024 жылдың 10 қаңтарында «Ақ жол» партиясының ҚР Парламент Мәжілісіндегі депутаты, партия төрағасының орынбасары Иса Қазыбек Жарылқасынұлы Қызылорда қаласындағы "Достық үйі" орталығында зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
Депутат 2024 жылдың 10 қаңтарындағы Қызылорда облысындағы жұмыс сапары шеңберінде "Анаға тағзым" орталығы жұмысымен танысуға ұласты.
Орталық 2023 жылы қыркүйек айында Қызылорда облысының 85 жылдығы аясында халыққа табысталып, қазіргі уақытта ел игілігіне жұмыс жасап жатыр. Орталық жұмысымен танысу соңында Қазыбек Жарылқасынұлы "Лебіздер кітабына" өзінің жүрекжарды тілегін жазып қалдырды.