Күннің екінші жартысында біз Талдықорған қаласының 8-ықшамауданындағы 171 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын қарауға бардық.
Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтарымызға осы үйлерден пәтерлер беруді жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда екі түрлі биіктіктегі тұрғын үйлерді абаттандырумен инженерлік-коммуникациялық желілерді салу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Құрылысты жергілікті «Реголит» ЖШС мердігерлік компаниясы жүргізуде.
Маған құрылыстың сапасы мен үйлердің сыртқы келбеті ұнады .
Көп ұзамай осы пәтерлердің бақытты иелері қуанышқа толы көздерімен осында қоныстанады
.