Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

Председатель Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Алматы қ. орналасқан Балаларға шұғыл медициналық көмек орталығымен кездесу

Маңызды нысанымыз Манас көшесі, 40 мекен-жайы бойынша орналасқан Алматы қ. «Балаларға шұғыл медициналық көмек орталығының» операциялық бөлімшесі бар жаңа қабылдау ғимаратының құрылысы. Бұл мекеме 1965 жылдан бастап жұмыс істеп, халыққа медициналық қызмет көрсетіп келе жатқандықтан, аурухананың кейбір үй-жайлары ескірген. Осыған орай бұрынғы ғимараттарды сүре отырып, Алматы қ. Құрылыс басқармасы тапсырысы бойынша операциялық блогы бар аурулар қабылдайтын үй-жай орыны салынуда екен. Өкінішке қарай, құрылыс кестесінен қалып, құрылыс компаниясы «Ақ ордасы» корпорациясы былтырғы жылы берілетін жұмысты кешеуілдетуде. Бұл қысқы уақыт пен материалдардың қымбаттауы және оны уақтылы жеткізілуге байланысты екен. Бүгінгі күні жұмыс көлемі ғимарат бөліктері мен ішкі жұмыстарына қарай 70 пайыздан 90 пайызға дейін орындалған. Қазіргі уақытта ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер тиісті жұмыстарын наурызда бітіруге уәде етті. Жоба сомасы-7,638 млрд. теңге болып отыр.

Жалпы осы медициналық көмек орталығы Алматы қаласындағы 110 000-нан астам балаға амбулаториялық-диагностикалық тексеру жүргізеді және жылына 15 000-нан астам стационарлық науқастарға шұғыл медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым болып табылады.

Ұйым жұмыс істеген уақыт ішінде Алматы қаласының және Алматы облысының жақын маңдағы аудандарының балалар санының ұдайы өсіп отыруына байланысты Алматы қаласының балалар саны қатарынан қаралушылардың қарасы бірнеше есеге артқан.

Клиниканың қолданыстағы қабылдау бөлімінің ауданы аз әрі көнерген. Қазіргі ауданы 10954,8 м2 болатын қабылдау бөлімшесінің жаңа 3 қабатты корпусын кеңейту арқылы қала тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасын жақсаратын болады.

Орталықтың 800 төсектік стационары, 4 балалар емханасы бар № 1 біріккен балалар ауруханасы ретінде жұмыс істейтін бөліктері халыққа медициналық сақтандыру шеңберінде сапалы көмек көрсетіп келді.

Аурухана жақсы материалдық-техникалық базаға ие, заманауи жабдықтармен жабдықталған, алынған лицензияға сәйкес кез-келген патологиясы бар балаларға жоспарлы және шұғыл стационарлық көмек көрсетуге мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, стационарда нейрохирургиялық, хирургиялық, травматологиялық, офтальмологиялық патологиясы бар балаларға жоғары мамандандырылған көмек көрсетіледі.

«Бала адамның бауыр еті» деп халық айтпақшы, әркім өз перзентінің сау болғанын қалайды, ал науқастанған жағдайда осындай замануи орталықтың болуы үлкен жетістік.

Бұл ретте Президент айтқандай, оқу орындарының ғылыми ортасы нақты өмірмен, тәжірибемен байланыста болу керек екендігі ескеріліп, Орталық С.Д. Асфендияров атын. ҚазҰМУ балалар хирургиясы кафедрасының базасы болып табылады.

Стационар қызметінің негізінде хирургиялық патологиясы бар балаларға тәулік бойы шұғыл және жоспарлы көмек көрсету (травматология, ортопедия, нейрохирургия, комбустиология, іш және кеуде хирургиясы, іріңді хирургия, жаңа туған нәрестелер хирургиясы, урология, офтальмология) жатыр. Сонымен қатар, клиникада жаңа туған нәрестелер мен шала туылған нәрестелерге көмек көрсетіледі. Сонымен бірге аурухана Алматы қаласы мен Алматы облысының балаларына түрлі уланулармен (токсикология) байланысты жәрдем береді. Жаңа ғимарат салынуымен осы қызметтер қатары көбейіп, бала денсаулығын сақтауға қызмет етері сөзсіз.