Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

Председатель Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Алматы қаласының энергия өндіретін мекемелерінің бірі - «Бастау Энерго» ЖШС кәсіпорнымен кездесу

Біз әріптестерім Сергей Пономарев және Ерлан Стамбековпен бірге алдын ала жоспарымызға сай Алматы қаласының энергия өндіретін мекемелерінің бірі - «Бастау Энерго» ЖШС кәсіпорнына бардық.

Туған қаламыз үлкен мегаполис болғандықтан қаланы энергиямен де, жылумен де үздіксіз қамту әсіресе қыстың көзі қырауда өзекті.

Аталған шағын жеке мекеме өзі құрылған он бес жылдың ішінде осы саладағы бәсекелестіктің жоғары болуына қарамастан, қызметтері мен өнімдерін жыл сайын ұлғайтып, көптеген азаматтарымызға жұмыс орынын тауып беріп отырған табысты кәсіпорын.

Біз мекеме қызметкерлеріне елімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістер туралы айта отырып, олардың проблемалық мәселелеріне де құлақ қойдық.