Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

Председатель Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Отбасылық дәрігерлік амбулатория құрылысының барысымен танысты

Күні кеше жарық көрген Президентіміздің сұхбатында халыққа қызмет ететін нысандар көптеп салынатыны, соның ішінде, мектептер, емханалар мен жаңа ауруханалардың құрылысы туралы айтылған болатын.

Осы орайда біз 4 қаңтар күні Алматы қаласының Алатау ауданының тұрғындарының қажеттілігін өтейтін күніне 400 келушіге арналған Отбасылық дәрігерлік амбулатория құрылысының барысымен танысу үшін бардық. Жоба «AMANAT» партиясының Жол картасына кірген. Өйткені, медициналық сақтандыру шеңберінде көмек көрсететін № 22 қалалық емхана бүгінде жүктемесі екі есе артып отыр.

Аталған мәселені шешу үшін Саялы шағын ауданында осы отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізілуде екен. Ол іске қосылған соң Алатау ауданының тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Жалпы, қалада қазір төрт отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізілуде. Енді осы нысандар жоспарға сай құрылысын аяқтап, тезірек халық үшін қызметін ұсынады деген ойдамыз. Көп ұзамай ақ халатты абзал жандар денсаулығы сыр берген қала тұрғындарына қол ұшын беріп, өздерінің кәсіби қызметтерін жаңа ғимараттарда атқарар күн де алыс емес. Біз бір топ депутаттар осыған көз жеткізіп, құрылысшыларға сәттілік тіледік.