Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Қайырымдылық

Таяуда жазылушыларымның бірі депутаттар үлкен жалақы алатын шығар деген болжамын айта келе: "Депутат жалақысын 500 мың теңгеге дейін түсіруге қалай қарайсыз?" деген сауал қойды. Сонда мен шын мәнінде қолыма бұдан әлдеқайда аз қаражат түсетінін, өйткені біраз бөлігін қайырымдылыққа жұмсайтынымды, қамқорлығымдағы адамдар бар екенін айтқанмын.

ДЦП кеселіне душар болған, бірақ өмірге деген құштарлығы зор, жігерлі бала Шапағат - соның бірі. 12 жылдан бері қарасып келемін. Алматыдан астанаға алғызып, тіркеуге, үй кезегіне тұрғыздым. Осы күндері Шапағаттың отбасы елордада пәтерлі болды, әкімдіктен баспана алды. Енді жеке бөлмесінің болатынын біліп, баланың қатты қуанғанын көріп, өзім де керемет қуанып қалдым!

Бұл - мемлекетіміздің қарапайым халыққа жасап отырған жақсылығы. Қоныс құтты болсын! Буының қатып, күш-қуатың артып, жүгіріп кет, Шапағат!

Фарида Сырманова

#БахытбекСмагул #deputatnurotan #BaqytbekSmagul