Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
ПРИНИМАЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ ПАМЯТНИКА КАЗАХСКОМУ БАТЫРУ ЖАЛАНТОСУ БАХАДУРУ В ГОРОДЕ АКТОБЕ

Image title

Image title

Image title

Мен сонау бабаларды сағынамын, Хан кешкен Халық үшін оғыланым. Айбат қып қос қапталдан қос қабылан, Би болған он жетіде Бағыланым.

Билеген Әлім-Сақты қарқынменен, Халқына қадірі асқан нарқынменен, Салдырған салтанатты ғимараттар. Әмір боп Самарханда даңқыменен,

Тағынып болат сауыт шарайналы. Елінің ертеңіне қарайлады, Жалаңтөс Баһадүрдің көзі ғой бұл. Шердор мен Тіллә-Қари сарайлары,

Еліне қай кезде де қалқан болған, Жауға жау, достарына дархан болған. Өрбұлақ шайқасында Жоңғарларды, Жиырма мың әскермен кеп талқандаған.

Иран, Бұхар, Хорасан ұмытпаған, Тағдыры тарих болып тұрып қалған. Ауған, Тибет, Үнді мен Мауреннаһр, Ерлігін Жалаңтөстің ұлықтаған,

Өмірден аңыз болып өткен адам. Сөйлесе өзегінен өрт тараған, Айналған Алты-Алаштың ұранына. Туса да Әлімдегі Төртқарадан.

Үнің тур жаңғырығып ғасырлардан, Ерлерді уақыт көші жасырмаған. Есілге көпір тас қалатып, Айтайын бар есіңді асыл бабам.

Мен оның қасиетін ұғына алам, Бабамның қуат берер нұры маған. Жалаңтөс Баһадүрдің рухы болып, Тіл қатып тұрған сынды Ұлы далам!