Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
05.07.2017 г. состоялась встреча с железнодорожниками станции Коркыт в мемориальном комплексе "Коркыт Ата"

 

Қызылорда облысы                                                                    05 шілде 2017 жыл

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қызылорда өңіріндегі сапары барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің  депутаттары  Қармақшы ауданы, Қорқыт ата станциясындағы теміржолшылармен кездесті. 

Қорқыт ата мемориалдық кешенінде теміржолшылармен болған кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл, Бақытгүл Хаменова, Зауреш Аманжолова сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық және Қармақшы аудандық филиалдарының  басшылығы қатысты.

Еркін форматта өткен басқосуда «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасы Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласы сонымен бірге Міндетті Әлеуметтік Медициналық сақтандыру мәселелері  тақырыпқа арқау  болды. Халық қалаулылары теміржолшыларға маңызды құжаттардан туындайтын мақсат-міндеттерді барынша түсіндіріп, оларды жүзеге асыруда елміздің әлеуметтік-экономикалық өсіп өркендеу жолында   экономикамыздың күре тамыры болып саналатын теміржол саласы мамандарының үлесі қомақты екенін айтты.   

Мәселен, депутат Бақытбек Смағұл жауапты сәтте қоғам болып бірігу – елдікке бастайды. Оған қоса, Мемлекет басшысы ұсынған “100 нақты қадам ” Ұлт Жоспары құнды құжатын басты бағдарға алып, үшінші жаңғыруға қарымды қадам жасау –заман талабы, - деді өз сөзінде.

Біздің сапарымыздың бірінші мақсаты елдегі тұрып жатқан халықтың әл ауқатымен танысып, олардың көкейлеріндегі сауалдарына  жауап беру. Сондықтан осында арнайы теміржолшылармен кездестік. Олар  заңнамалық тұрғыда шешуді қажет ететін мәселелер мен өздерін толғандыратын ойларын ортаға салды. Яғни, жалақыны көтеру, жұмыстың ауырлығына байланысты зейнет жасын төмендету секілді мәселелер айтылды.Алдағы уақытта біздер көтерілген мәселелерді  тиісті органдардың қарауына ұсынатын боламыз»,- деді  депутат Зауреш Аманжолова.

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Қорқы ата елді мекенінде 200-ң үстінде тұрғын бар екен. Олардың  50  пайыздан астамы Қорқыт ата атындағы теміржол бекетінде тұрақты жұмыс жасайды.