Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
31.05.2018 г. Возложение цветов у памятника жертвам голода 1932-1933 гг. в г. Актобе.

 

ЖАРАЛЫ ЖЫЛДАР

Не көрмеген, бәрін көрген азаптың

Сол болды ғой сорақысы мазақтың

Сардалаға сары сүйек  шашылып

Ит мүжіді алтын басын қазақтың

Бауырына басу үшін даласын

Қынадай ғып қырды қазақ баласын

Тең жарымы жер бетінен жоқ болған

Кімге айтады момын халық наласын

Қиянатпен қолдан жасап аштықты

Қалың елдің көмейіне тас тықты

Елін жойып жерін басып алатын

Кім болжаған мұндай сұмдық қастықты.

Аштық жалмап небір жайсаң нар ұлын

Таппай қалдық боздақтардың қабірін

Қадірлеуге аялауға міндетті

Бүгінгі ұрпақ тоқшылықтың қадірін.

Жойылмады Алаш елі алайда

Аман қалып үлгі болды талайға

Елбасымыз күні-түні толғанды

Қазақ елін ел қылам деп қалайда

Қазақ елі - Мәңгілік ел, Қазағым,

Сенің ұлы тарихыңды жазамын.

Аштықтағы Алашымның азабын,

Ескерткіш қып мәңгілікке қалдырған,

Азат елге  арналады ғазалым!!!