Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
12–14 наурыз 2021 жыл Шымкент қаласы

12–14 наурыз 2021 жыл
Шымкент қаласы

Бүгінде әскери өнер мен өзіндік қорғаныстың ең үздік тәсілдерін біріктіретін әмбебап жекпе-жек (ТМД кеңістігінде «унибой» атауымен белгілі, әлемде елу шақты елде таралған) Қазақстанның барлық облысында жақсы дамуда.

Өзім басқаратын, 2010 жылы құрылған «Қазақстан Республикасының Әмбебап жекпе-жек Федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі «Qazaqstan Ardagerleri» Қауымдастығымен бірлесіп, көп жұмыстар атқарып келеді.
Жарыстарымызға арнайы қызмет органдарының жауынгерлері де қатысады.

«ҚР Әмбебап жекпе-жек Федерациясы» республикалық бірлестігі 12-14 наурыз күндері Шымкент қаласында Әмбебап жекпе-жектен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатын ұйымдастырды.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ел біріншілігіне «Nur Otan» партиясы мен «Qazaqstan Ardagerleri» Қауымдастығы қолдау көрсетті.

Бақытбек Смағұл, "Nur Otan" фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakhytbekSmagul #BakitbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #ӘмбебапЖекпеЖек #Унибой #ЖекпеЖек #ҚазақстанЧемпионаты